СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ХАБАРЛАНДЫРУ
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар
Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары!
Сіздерге жеке кәсіпті дамыту және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 400 АЕК мөлшерінде (2026 жылы 1 730 000 теңге) мемлекеттік грант алу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.
Мемлекеттік грантты тіркелген жұмыссыздар немесе тіркелгеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер келесі санаттарға жататын болса ала алады:
* мүгедектігі бар адамдар;
* қандастар;
* қоныс аударушылар;
* аз қамтылған отбасылар (атаулы әлеуметтік көмек — АӘК алушылар);
* көпбалалы отбасылар;
* мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар;
* асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар.
Қатысу шарттары:
* «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу сертификатының болуы (сертификаттың жарамдылық мерзімі — 3 жылдан аспауы тиіс);
* Business.enbek.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып өтінім беру.
Қаражаттың нысаналы мақсаты:
* технологиялық жабдықтарды, құрал-саймандар мен мүкәммалды сатып алу;
* ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, көшеттер мен тұқымдарды сатып алу;
* үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
Грант тұтынушылық қажеттіліктерге, кредиттерді өтеуге, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін сатып алуға, сондай-ақ акцизделетін өнімдерді өндіруге берілмейді.
Кеңес алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады:
Степногорск қ., 4-шағын аудан, 1-ғимарат, Б блогы, 19-кабинет.
Телефондар: 7-59-71, 7-59-72.
Жұмыс сапары барысында ол жылу энергетикасы нысандарын, оның ішінде ЖЭО мен жылу желілерін аралады. Нысандарға бару кезінде олардың ағымдағы жұмысы, техникалық жағдайы, сондай-ақ жылумен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері тексерілді.
Тексеру қорытындысы бойынша қосымша назар аударуды және жедел шешуді талап ететін өзекті мәселелер мен міндеттер талқыланды
Степногорск қаласында магистральдық су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдан бері мамандар жоба бойынша қарастырылған 35 шақырымнан астам желінің шамамен 14 шақырымын жаңартты.
Ең күрделі учаскелердің бірі — Ақсу өзені арқылы өтетін бөлік. Жобалық тереңдікте тау жыныстарының шығуына байланысты құбырларды бастапқы әдіспен төсеу мүмкін болмады. Нәтижесінде екі су құбырына арналған футлярлар өзеннің түбімен төселді. Жұмыстар аяқталғаннан кейін уақытша үйінді толықтай алынып тасталды, бұл ретте өзен арнасы толығымен жабылған жоқ.
Жұмыстар жалғасуда.
Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен.
«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр.
Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды.
Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Қала күніне орай тұрғындар мен қала қонақтарына арнап мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Қала тұрғындарын түрлі жарқын іс-шаралар, әуезді әндер, көтеріңкі көңіл-күй мен жылы мерекелік атмосфера күтті.
Туған күніңмен, сүйікті Степногорск!
Сапар барысында жылу желілерін реконструкциялау нысандарына және Степногорск ЖЭО-сына барып, алдағы жылу беру маусымына коммуналдық инфрақұрылымның дайындығымен танысты.
Негізгі назар жылу желілерінің жағдайына, жөндеу жұмыстарының орындалу барысына, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың негізгі нысандарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.
Жұмыс қорытындысы бойынша ағымдағы мәселелер мен жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы қаралды. Жылу беру нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғасуда.
Сапар барысында магистральдық жылу желілеріндегі нысандардың қазіргі жағдайы және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Тексеру барысында жұмыстарды орындау мерзімдері, жөндеу сапасы және жылумен жабдықтау инфрақұрылымының дайындығы талқыланды.
Негізгі шарттары:
1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;
2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;
3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа) аудан / қалаларда іске асырылады;
Конкурссыз иеленуге болатын мемлекеттік әкімшілік лауазымдар:
1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;
3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;
4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.
Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.
Сізді осы ақпарат қызықтырса, не болмаса толығырақ кеңес алғыңыз келсе мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне тікелей жүгінуге, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 3 қабат мекенжайы, 8 716 2 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.
2026 жылғы 6 тамызда Көкшетау қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалында өңірлік көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары филиалдарының фронт- және бэк-офис қызметкерлері қатысты.
Семинар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 10 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткізілді. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, фронт-офистер жұмысының бірыңғай стандарттарын жетілдіру, бэк-офистер қызметіндегі тиімді тәсілдерді қалыптастыру, сондай-ақ филиалдар мен орталық аппарат арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар фронт- және бэк-офис жұмысының ерекшеліктері, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер мен тиімді тәжірибелер қарастырылды.
Семинар жұмысына орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру, заңнамадағы өзгерістер және жұмыс тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер берді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстар алды.
Өңірлік көшпелі семинарларды ұйымдастыру және ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді «Таным» корпоративтік оқу орталығы жүзеге асырды.
Айта кету керек, мұндай көшпелі семинарлар бекітілген кестеге сәйкес Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілуде. Бұл бастама мемлекеттік корпорация филиалдары арасындағы тәжірибе алмасуды дамытуға, бірыңғай жұмыс стандарттарын қалыптастыруға және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыруға бағытталған.
В честь 10-летия Госкорпорации в Кокшетау прошел выездной семинар