Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджетті
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№193 бұйрығына
«Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің
аппараты» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі.
1.Жалпы ережелер.
1) «Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Байқоныс ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 1-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан. Тел: 8(71659)2-40-20.
2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- «Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0;
- «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу» - 9;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау» 0;
- «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет төлеу немесе бөліп-бөліп төлеубойыншасату»-0;
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0;
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 0;
- "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)"-0.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2.Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың көздері ауыл әкімдігіндегі ақпараттық тақталар болып табылады.
2) Халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру үшін іс-шаралар.
1) Әкімдікте E-GOV өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар. Барлығы 24 қызмет көрсетілді. Олардың ішінде қашықтан электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу және ««Наркология», «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» анықтамалары сұранысқа ие.
2) 2023 жылы ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері қалалық семинар-кеңестеріне қатысты, және де түсіндіру жұмыстары өткізілді.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері: көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 9, электрондық үкімет порталы арқылы – 9, мемлекеттік орган арқылы 0 қызмет. Қызметті алған тұлғалар саны – 9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар түскен жоқ. Қызмет алушы тарабынан шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында округ әкімі аппаратымен келесі жұмыстар атқарылуда:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылуына жол бермеу;
- ақпарат тақталары, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы ақпараттандыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Бөгенбай ауылдық округінің әкімі Ж. Өтісхан