Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдерді қабылдау басталды.
✅2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.
📣Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.
📌Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
📡«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
🎭«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
💻«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
💰«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
📽«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
🏆«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
⌛️Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
🔹Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82
E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com
ХАБАРЛАМА
Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімдігі 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 29 сәуірден бастап 2026 жылғы 22 мамырға дейін, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 1- ғимарат мекен жайы бойынша жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2026 жылғы 25 мамырдағы сағат 15:00-де Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 1- ғимарат, 6-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша шығарылады.
Толық ақпарат келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk-bogenbai/documents/details/989111?lang=kk
Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің тұрғындары!
«Степногорск қаласы Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, 2025 жылғы 1 наурызынан бастап 30 наурызға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы 2024 жылғы есептерге көпшілік талқылаулар өтетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, көрсетілетін қызметті алушылар мен олардың өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, тәуелсіз сарапшыларды және жеке кәсіпкерлік субъектілерін белсенді қатысуға шақырамыз.
2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп көпшілік талқылау үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk-bogenbai/documents/details/803164?directionId=43186 ресми интернет-ресурсында орналасқан.
Бөгенбай ауылдық округінде қардан тазалау жұмыстары жүргізілді
Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің тұрғындары!
«Степногорск қаласы Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, 2024 жылғы 1 наурызынан бастап 30 наурызға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы 2023 жылғы есептерге көпшілік талқылаулар өтетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, көрсетілетін қызметті алушылар мен олардың өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, тәуелсіз сарапшыларды және жеке кәсіпкерлік субъектілерін белсенді қатысуға шақырамыз.
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есептер көпшілік талқылау үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk-bogenbai/documents/details/618396 ресми интернет-ресурсында орналасқан.
2024 жылғы 10 ақпанында Бөгенбай ауылдық округінің Байқоңыс ауылының жолдары қардан тазартылды.