«Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі.

Қазақстан Республикасы                                                    Экономика және бюджеттік                                                      жоспарлау Министрінің                                                      2013 жылғы 25 маусымдағы                                                      № 193 бұйрығына                                                     2-қосымша

 

 

«Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің

 аппараты» ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі.

 

  1. Жалпы ережелер.

          1) «Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ:  Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Байқоныс ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 1-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан. Тел: 8(71659)2-40-20.

          2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

- «Қаланың немесе ауылдың жерінен жер учаскесін беру»
 - 0;

- «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу»бірінші кезең - 6;

- «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу» екінші кезең - 2;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау» 0;

 - «Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату»-0;
          - «Жер телімін алуға кезекке қою» - 0;

- «Жер телімін жалға алуға мерзімін ұзарту» - 0;

                  Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың көздері ауылдық округі әкімдігіндегі ақпараттық тақталар болып табылады, онда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған.

Халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру үшін іс-шаралар.

1) Әкімдікте «eGov» өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар. Барлығы  54 қызмет көрсетілді. Олардың ішінде электрондық-цифрлық қолтаңба алу, «Наркология», «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру сұранысқа ие.

2) 2024 жылы ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері қалалық семинар-кеңестеріне қатысты, және де түсіндіру жұмыстары өткізілді.

          3) 2024 жылы ауыл әкімі аппаратының маманы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2024 жылы уәкілетті орган өткізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілмеді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат «Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендінде, ресми интернет - ресурста, әкім аппаратының Facebook, Instagram әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

          Көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 8, электрондық үкімет порталы арқылы – 8, мемлекеттік орган арқылы - 0 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

          Мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетілді.

          Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар түскен жоқ. Қызмет алушы тарабынан шағымдар түскен жоқ.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындылары туралы ақпарат зерделеніп, жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ресми интернет-ресурста жарияланды.

 

  1. Қызмет алушыны қызмет ұсыну сапасымен қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру.

          Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында округ әкімі аппаратымен келесі жұмыстар атқарылуда:

          - мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылуына жол бермеу;

          - ақпарат тақталары, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы ақпараттандыру;

          - мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

Бөгенбай ауылдық округінің әкімі                                              Ж. Өтісхан

Дата публикации
25 февраля 2025