Меню

Страницы

Статья

«Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес «Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады. 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы,  Көкшетау қаласы, Үмышев көшесі, 2Б-үй мекенжайында орналасқан. Байланыс телефондары: 87162-40-51-86-факс, 87162-72-25-02, e-mail: b.sholak.sportmektebi@mail.kz;

«Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі-есеп) көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020.01.31 № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес ЖАО мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді.

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 1 Мемлекеттік қызмет түрі, ақылы негізде-0 Мемлекеттік қызмет түрі.

2022 жылы 385 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2022 жылы "Мүгедектерге арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметі бойынша 385 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді,

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен айқындалады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де көрнекі ақпараты бар стендтер (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат танымал әлеуметтік желілер, БАҚ беттерінде орналастырылады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- «Еgov mobile» мобильді қосымшасын танымал ету бойынша 4 ақпараттық еден тіректері орнатылды;

- басқармада және ведомстволық бағынысты ұйымдарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды «Еgov.kz»;

- БАҚ-та 1 түсіндіру материалдары жарияланды;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Сонымен қатар, қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

«Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:

  1. мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлеріне арнайы оқыту жүргізу;
  2. мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
  3. мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу;
  4. «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштер санын ұлғайту;
  5. мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг;
  6. мемлекеттік қызметтерді алған кезде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау (пандустар, шақыру түймелері);
  7. көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;
  8. танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспасөз басылымдары арқылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері мен уәждемесін күшейту туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;
  9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту.

«Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ қызметінің 2022 жылғы есебін жария талқылау қорытындысы туралы қорытынды

  1. Жария талқылауды өткізу күні-01.03.-30.03. 2023 жыл
  2. Жария талқылауды өткізу тәсілі- Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ресми интернет-ресурсында электрондық мекенжай бойынша орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sport?lang=ru
  3. Жария талқылауды өткізу туралы хабарлау тәсілі- Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ресми интернет-ресурсында электрондық мекенжай бойынша жарияланған: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sport?lang=ru
  4. Жария талқылауға қатысушылардың ұсыныстарының және (немесе) ескертулерінің тізбесі:

№

Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген жеке тұлғаның ТАӘ, ұйымның атауы

Жария талқылау шеңберінде келіп түскен ұсыныстардың және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны

Ұсынысты және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәліметтер

Ұсынысты және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау жөніндегі негіздемелер

Ескерту

1.

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

Қосымша мәліметтер:____________________________________________

Жарияланымның авторы

«Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

Объявление
03 сентября 2026
Управление физической культуры и спорта Акмолинской области объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора КГУ «Специализированная Сандыктауская детско-юношеская спортивная школа» управления физической культуры и спорта Акмолинской области
Объявление
03 сентября 2026
Управление физической культуры и спорта Акмолинской области объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора КГУ «Специализированная Зерендинская детско-юношеская спортивная школа» управления физической культуры и спорта Акмолинской области
Объявление
03 сентября 2026
Управление физической культуры и спорта Акмолинской области объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора КГУ ««Областная специализированная детско-юношеская школа олимпийского резерва № 3 имени Кажымукана»» управления физической культуры и спорта Акмолинской области

Социальные медиа

instagram
facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы