ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Әлеуметтік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін ұсыну тәртібіндегі өзгерістер туралы білгіңіз келе ме немесе Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) бойынша түсіндірме алғыңыз келе ме?
📞 Жедел желіге хабарласыңыздар!
☎️ 1414 — Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай байланыс орталығы, 08.30-дан 18.00-ге дейін (жұмыс күндері).
☎️ 109 — Ақмола облысы бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығы, тәулік бойы.
☎️ 8 (7162) 25-11-42 — Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті, 08:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (жұмыс күндері).
☎️ 8 (7162) 90-10-21 — «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» (МӘСҚ) АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы, 08:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (жұмыс күндері).
☎️ 8 (7162) 29-86-45 — Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (жұмыс күндері).
Қалалық және аудандық бөлімдердің байланыс телефондары
Қалалар
· Қоқшетау қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
☎️ 8 (7162) 29-81-24, 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін (жұмыс күндері).
· Степногорск қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
☎️ 8 (71645) 5-97-18, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (жұмыс күндері).
· Қосшы қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
☎️ 8 (7172) 60-77-92, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (жұмыс күндері).
Ақмола облысының аудандары — 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (жұмыс күндері):
• Ақкөл ауданы — ☎️ 8 (71638) 5-51-02 (ЖҚәӘББ).
• Аршалы ауданы — ☎️ 8 (71644) 2-22-12 (ЖҚәӘББ).
• Атбасар ауданы — ☎️ 8 (71643) 5-61-42 (ЖҚәӘББ).
• Астрахан ауданы — ☎️ 8 (71641) 2-20-30 (ЖҚәӘББ).
• Бұланды ауданы — ☎️ 8 (71646) 2-26-58 (ЖҚәӘББ).
• Бурабай ауданы — ☎️ 8 (71636) 4-29-11 (ЖҚәӘББ).
• Біржан сал ауданы — ☎️ 8 (71639) 2-21-29 (ЖҚәӘББ).
• Есіл ауданы — ☎️ 8 (71647) 2-17-69 (ЖҚәӘББ).
• Егіндікөл ауданы — ☎️ 8 (71642) 2-11-31 (ЖҚәӘББ).
• Ерейментау ауданы — ☎️ 8 (71633) 2-19-64 (ЖҚәӘББ).
• Жақсы ауданы — ☎️ 8 (71635) 2-16-02 (ЖҚәӘББ).
• Жарқайың ауданы — ☎️ 8 (71648) 9-23-08 (ЖҚәӘББ).
• Зеренді ауданы — ☎️ 8 (71632) 2-11-71 (ЖҚәӘББ).
• Қорғалжын ауданы — ☎️ 8 (71637) 2-23-99 (ЖҚәӘББ).
• Сандықтау ауданы — ☎️ 8 (71640) 9-17-27 (ЖҚәӘББ).
• Целиноград ауданы — ☎️ 8 (71651) 3-04-80 (ЖҚәӘББ).
• Шортанды ауданы — ☎️ 8 (71631) 2-00-11 (ЖҚәӘББ).
🤝 Құрметті тұрғындар! Мамандар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге, қажетті түсіндірмелерді ұсынуға және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу тәртібіне, сондай-ақ Отбасының цифрлық картасы мәселелеріне қатысты көмектесуге дайын.
2026 жылғы 16–17 қазанда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллина басқарма басшысының орынбасары Е.Қ. Мұхамединмен бірлесіп, Бұланды және Ақкөл аудандарында Отбасының цифрлық картасының «А» және «В» санаттарына жатқызылған азаматтардың деректерін өзектендіру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс сапарлары аясында Макинск және Ақкөл қалаларына, сондай-ақ аталған аудандардың Қараөзек, Вознесен және Еңбек ауылдық округтеріне жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.
2026 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әмренованың төрағалығымен халықты әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзгерістер мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті.
Отырысқа аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, бейінді басқармалар мен мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақының 14 түрін беру тәртібіне енгізілетін алдағы өзгерістерді, әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мәселелерін, Отбасының цифрлық картасының деректерін өзектендіруді және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті жерлердегі жұмысты үйлестіру жөніндегі міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Әміренованың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Жыл басынан бері облыста әлеуметтік төлемдері бойынша берешек 10% — ға-903,3 млн теңгеден 812,9 млн теңгеге дейін төмендегені атап өтілді. Сонымен қатар, жекелеген өңірлерде, соның ішінде Қосшы қаласында, Ақкөл, Аршалы және Бұланды аудандарында берешектің өсуі байқалды. Қатысушылар берешектің пайда болу себептері мен өтеу шараларын талқылады.
Темір жол саласы кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға ерекше назар аударылды. Көкшетау қаласында көпсалалы облыстық аурухана салу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуы туралы бейнеролик көрсетілді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары У. Бейсембаев қатысушыларды өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың жазында «Capital Projects LTD» ЖШС кәсіпорнында және «Қазахалтын» ЖШС «Бестөбе кентінде» өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың мән-жайлары қаралды. Кәсіпорын өкілдері оқиғалардың себептері мен олардың алдын алу шаралары туралы баяндады.
Сондай-ақ, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің мәліметтері мен міндетті зейнетақы жарналары туралы деректер арасындағы алшақтық, сондай-ақ қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі талаптарды сақтау мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті одан әрі қысқарту, өндірістік жарақаттанудың алдын алуды күшейту және қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер белгіленді.
Ақмола облысының мүгедектігі бар адамдардың «Бірлік» одақтық заңды тұлғасы базасында мүгедектігі бар адамдарды қолдау мәселелеріне арналған ашық күні өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Н. К. Бексұлтанова, облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі В. Л. Шиманский, Ақмола облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен бейінді мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оның барысында қатысушылар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және қолдау мәселелерін талқылады.
Басқарма басшысының орынбасары Е. К. Мұхамедин әділ әрі атаулы әлеуметтік қолдау жүйесін реформалау мәселелері бойынша түсініктемелер берді.
Өз кезегінде, Н. К. Бексұлтанова арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында үнемделген қаражатты (КСН) пайдалану тәртібіне қатысты өзгерістер бойынша түсініктемелер берді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың алдағы бағыттарын талқылады. Іс-шара пікір алмасуға, өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алуға және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруге арналған ашық алаңға айналды.
2026 жылғы 6 қазанда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қандастар үшін Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" және "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларбойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушыларға келесі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді:
* Қазтест өту
* сауалнамадан өту
Ашық есік күні ай сайынғы негізде өткізіледі, бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қандастардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында басқарма басшысының орынбасары Н.К.Бексұлтанованың төрағалығымен әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының Сыныптауышқа сәйкестігіне мониторинг жүргізу мәселелері бойынша отырыс өтті.
Отырыс барысында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім берушілер мәлімдеген сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары мен көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкестігі мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, халықтың мобильділігі төмен топтары үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қызметтер порталының функционалын жетілдіру мәселелері қаралды.
2026 жылдың 26 қыркүйегінде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласында күзгі санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
Сенбілік барысында қатысушылар бекітілген аумақты тазалап, қоқысты жинап, оның сыртқы келбетін жаңартты.
АстанадаЕңбеккүнінеорайластырылғанЕңбекЕлмұратыреспубликалықфорумыөттіІсшарағаҚазақстанРеспубликасыныңПремьерМинистріОлжасБектеновқатысты
ФорумаясындажұмысшымамандықтарыныңөкілдерінұлықтаумемлекеттікнаградалартапсырусондайақЕңбекжолыреспубликалықбайқауыныңқорытындысыншығарурәсіміөтті
ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңатынанПремьерМинистрОлжасБектеновеліміздіңэкономикасындамытуғажәнееңбекәлеуетіннығайтуғаелеуліүлесқосқанжұмысшымамандықтарыныңөкілдерінемемлекеттікнаградалартабыстады
МарапатталғандардыңқатарындакөптегенжылдарбойыадалеңбекетіпөңірдіңөндірістікәлеуетіндамытуғаүлесқосқанАқмолаоблысыныңөкілдерідебар
Құрметорденімен
БашкировКонстантинВалериевичСтепногорскподшипникзауытыАҚстаногшысы (Степногорскқаласы). Жалпыеңбекөтілі — 43 жыл
КусаиновОралбайАйтпаевичСемізбай-U» ЖШССемізбайкенішініңслесарі (АқмолаоблысыБіржансалауданы). Еңбекөтілі — 33 жыл
Еренеңбегіүшінмедалімен
СултановЕсенКабылкалыковичҚамқорЛокомотивЖШСфилиалыАтбасарэлектровозжөндеузауытыныңтокарі (Атбасарқаласы). Жалпыеңбекөтілі — 40 жыл
Жоғарымемлекеттікнаградалареңбеккедегенжауапкершіліктіңкөпжылғыкәсібиеңбектіңжәнеқызметкерлердіңкәсіпорындарменелэкономикасындамытуғақосқанүлесініңлайықтыбағасыболды
30 қыркүйек күні сағат 17:00-де Ақмола облысы бойынша әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Мұхамедрахимова Анаргүл Хаиржанқызы азаматтарды қабылдайды.
📍 Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23, 1-қабат, акт залы.
Қабылдау әлеуметтік осал азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ шешілуіне ықпал етуді қажет ететін проблемалық мәселелер бойынша жүргізіледі.
📞 Алдын ала жазылу және қосымша ақпарат алу үшін:
+7 (747) 735-90-13 — Мұхамедрахимова Анаргүл Хаиржанқызы;
8 (7162) 29-86-27 — Байтемірова Дәмежан Салімқызы
Азаматтарды өздерін толғандыратын мәселелер бойынша өңірлік уәкілдің қабылдауына жүгінуге шақырамыз.