2023 жылға «Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
Шортанды ауданы «Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жеті түрін көрсетеді:
1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық үкімет порталы арқылы. 2023 жылы 0 қызмет көрсетілді.
2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз. 2023 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші кезең бойынша 2, екінші кезең - 1.
3. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық үкімет порталы арқылы. 2023 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші кезең 4, екінші кезең - 5.
4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған). 2023 жылы өтініштер түскен жоқ.
5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған). 2023 жылы өтініштер түскен жоқ.
6. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде. 2023 жылы 28 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
7. «Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзекті ету (түзету)». Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған). 2023 жылы өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізделген бас тартулар саны - 1, оның ішінде «Сауда-саттықты (аукциондар…