Акимат Целиноградского района

Меню

Страницы

Статья

Доклад акима Оразакского сельского округа о проделанной работе за 2020 год

   

Қайырлы күн, құрметті Оразақ ауылдық округінің тұрғындары!

Биылғы халық алдында есеп беруім ерекше форматта  өтеді. Ковид-19 пандемиясына байланысты, сақтық шараларын ұстанып, сіздермен осы әлеуметтік желі арқылы байланыста боламыз. Сіздерді қызықтырған барлық сұрақтарыңызды фейсбук парақшаның астына жазсаңыздар. Біздің онлайн есеп беру кездесуімізде ауданның дербес бөлімдерінің басшылары қатысуда. Сұрақтарыңыз бойынша жауап береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын жүзеге асыру, сондай ақ індет кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында, бекітілген кестеге сәйкес есеп беру кездесуге «Оразақ ауылдық округі әкімдігінің» Fecebook парақшасынан шығып отырған мен Оразақ ауылдық округінің әкімі Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы.

Бүгінгі өткізіліп отырған кездесуде 2020 жылғы Оразақ ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар және алға қойылған жоспарлар бойынша баяндаймын.

Ең алдымен былтырғы есеп беруімде маған қойылған сұраққа жауап беріп өтсем. Сіздерден ауылдың ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу жайлы сұрақ қойылған болатын. Осыған тоқталып кетсем. Жол желісін салуға және орташа жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық құжаттаманы әзірлеу туралы (мерзімі 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін). Бұл сұрақ 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін шешілді. Аудан әкімдігі ұзындығы 12,2 км болатын жолдар желісін орташа жөндеуге техникалық құжаттама жасады. Жобаның жалпы сомасы 634,4 миллион теңгені құрайды. Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2021 жылы жобаға қаражат бөлу туралы Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім береді.

Құрметті жерлестер, осы күнге дейін, яғни менің есеп беретін күніме дейін менің есеп беруім туралы ақпарат барлық интернет желілерінде таратылды. Ол жерде сіздердің сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз, пікірлеріңіз болып жатса әкімдіктегі арнайы орнатылған жәшікке салсаңыздар болады және Оразақ ауылдық округі әкімдігінің электрондық поштасына, сонымен қатар Оразақ ауылдық округі әкімдігінің Facebook, instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунтының парақшасына жолдап немесе 87075363369 нөміріне ватсап арқылы хабарлама қалдырсаңыздар болады деп көрсетілген.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен 2020 жылды  Еріктілер жылы деп жариялап, жалпы қоғам болып ел азаматтарына  көмек қолдау көрсету-игі істердің бастауы екендігін тілге тиек еткен еді.

Өздеріңізге белгілі, Халықты әлеуметтік қолдауды мемлекет ұдайы басты назарында ұстап келеді. Соның бір айғағы 2020 жылдың  1 қаңтарынан бастап халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы енгізілген болатын.

2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы яғни, бұрын 6 және 12 айға тағайындалып келсе, биылғы жылдан бастап тоқсан сайын тағайындалды.

2020 жылы округ бойынша – 23  отбасы 138  адам атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіріп,  5 отбасы  28 адамға тағайындалды. Оның ішінде шартсыз атаулы көмек – 3 отбасы 17 адам болса, шартты ақшалай көмек 2 отбасы 11 адам алды.

Қалған -  20 отбасы   121 адам кедейшілік шегінен асып кетуіне орай, атаулы көмек тағайындаудан бас тартылды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің 2020  жылғы 18 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген коммуналдық қызмет көрсетушілерге төтенше жағдай үшін төлемақыны төлеу ережесіне сәйкес, Оразақ  ауданында тұратын 7 санаттағы

1) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары;

3) Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) Көп балалы отбасылар;

5) Ең төменгі зейнетақы немесе одан аз зейнетақылар;

6) Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтауда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау кезінде қайтыс болған (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

7) Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер тұрғындарға коммуналдық қызметтер төтенше жағдай үшін 82 отбасыға   өтемақы төленді.

Сондай ақ індет кезеңінде  жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға,  мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жалғыз басты қарттарға азық-түлік себеттері, көмір, ақшалай, бетперделер т.б. көмектер көрсетілді.  Атап айтатын болсақ ауылымыздың  «Азық-түлік» дүкендерін ұстайтын ЖК-лер, Жүзбаев Мереке, Утеулин Ертан, ЖШҚ«Искаковтар», ЖШҚ«Балабеков», ЖШҚ«Саханов» және де Целиноград ауданының Жастар Ресурстық Орталығының «Еріктілері», Оразақ ауылдық округінің мешітінің бас имамы Ахметов Жанаттың  ұйымдастыруымен азық-түлік себеттері  таратылды.

ТОО “Шаңырақ” компаниясының директоры А.Лоренц  Бірлік ауылы №28 НМ-нің даярлық тобына, 1-9 сынып оқушыларына, мектеп ұстаздарына жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар Оразақ ауылдық округі №27 ОМ, Бірлік ауылы №28 НМ оқушыларына шаңғы әкеліп, спонсорлық көмек көрсетті. Жылда мектебімізге қуаныш сыйлап жүрген атқарушы директор Ж.Анатольевнаға АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!

2020 жылы «Жұмыспен қамудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде

Оразақ ауылдық округі №27 Орта мектепке күрделі жұмыс жүргізіліп, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы 26 адам Оразақ ауылының жастары , ал объектіде барлығы 70-ден астам адам жұмыс істейді.Мектептің ішкі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сыртқы абаттандыру, асфальттау жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек  айының аяғында мердігер «Еңбек» ЖШС аяқтады.

2020-2021 оқу жылында Оразақ ауылы № 27 орта мектебінде 304 оқушы білім алады. 33 оқушы биыл мектеп табалдырығын аттады. Мектепте 40 мұғалім жұмыс істейді,  4 зерттеуші, 5 сарапшы, 3 модератор. Оразақ мектебінде жас ұстаздар еңбек етуде, олардың барлығы дипломмен ауылға бағдарлмасы аясында ауылымыздан пәтер алды. Метебіміздің ұстаздары әрдайым ізденіс үстінде, қазіргі уақытта көптеген мұғалімдер ғылыми жұмыстарымен айналысып жатыр. Айта кетсек Смайлов Бекзат Тоқтасынұлы Нұра өзенін зерттеуде, Махметова Нурдида Бауыржановна «Отабасылық дәстүрлерді» зерттеуде, Алимжанова Гульназ Алданышевна «Оразақ тарихын» зерттеуде және т. б.

Махметова Нурдида Бауыржановна аудандық бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен сайыста бірінші орынға ие болып, облыстық сайысқа дайындалуда.

Республикалық «Мың бала» жобасына мектебімізден 6 оқушы қатысты. Олар: Мадиева Дина, Қуат Арнұр, Мұхтар Манас, Серік Рауан, Сағидолла Сардар, Сағадат Нұрай. Бұл жобаға Республика бойынша үш мыңнан астам оқушы қатысып, оның 19 оқушысы жеңіске жетті. Он тоғыз оқушының ішінде біздің мектебіміздін 6 «А» сынып оқушысы Қуат Арнұр жүлделі орынға ие болып, дипломмен, медальмен марапатталып, сыйлыққа ноутбук алды.

5-6 сынып оқушылары арасында аудандық пәндік олимпиадаға оқушыларымыз қатысып жүлделі орындарға ие болы. Атап айтсақ, ағылшын тілінен Мадиева Дина мұғалімі Адильханова А. А, математика пәнінен Каналбай Айбарыс, Қасымбек Інкар мұғалімі Булашева Ғ. К., Қазақстан тарихы пәнінен Чирвоная Анастасия бірінші орынға ие болып облыстық олипиадаға қатысып, екінші орынға ие болды мұғалімі Амантаева Г. С.

Мектепішілік мәдени іс-шаралардың барлығы қазіргі жағдайға байланысты қашықтықтан өткізіліп жатыр, өткізілген іс-шаралар мектептің әлеуметтік желілерінде (фейсбук, инстаграм) жарияланады. Қазіргі таңда оқушылар толықтай мектепке барып оқып жатыр. Оразақ орта мектебіңде 35 жоғары білімді,  6 арнаулы орта білімді мұғалім қызмет атқарады.

Бірлік  негізгі мектебінде 11 мұғалім,  9 жоғары білімді,  2 арнаулы орта білімді мұғалім қызмет атқарады. 65 оқушы бар, оның 9 оқушысы даярлық сыныбында оқиды.

Және де 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде жұмыссыздық есебімен 7 қоғамдық жұмыскерлер жұмысқа алынды, 1 көп балалы отбасы Абенова Салтанат Аманбайқызы  «Еңбек» бағдарламасы бойынша  гранд  ұтып алды. Оразақ ауылының тұрғыны қандасымыз Қали Дәулет мемлекеттік «Игілік» бағдарламасы арқылы 3000 000т алып қазіргі таңда мал бағу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 7 медициналық қызметкер,  1 медициналық әлеуметтік қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. 2020 жылы дәрігерлік амбулаторияға ауданнан көшпелі флюрография көлігі келіп Оразақ ауылдық округі бойынша 180 адам флюрографиялық тексерістен өткізілді. Оразақ ауылдық округі бойынша 2020 жылы-22 сәби дүниеге келді. Қайтқан адамдар  2020 жылы-13 адам.

Оразақ ауылында ЖШС «Золотая рыбка» балабақшасы бар. Балабақша мектеп жасына дейінгі 27 балаға арналған. Пандемия кезеңіне байланысты қазіргі таңда 15 бала тәрбиеленуде. Барлық жағдайы талапқа сай, санитарлық талаптарды сақтап жұмыс істеп жатыр.

Оразақ ауылдық округі әкімдігінде 8 мемлекеттік қызмет түрі бар:

  1. Балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және қайтадан үйлеріне тегін жеткізу;
  2. АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) тағайындау;
  3. Мақсатын өзгерту туралы шешім шығару;
  4. Елді мекен шегінде құрылыс үшін жер беру;
  5. Сауда саттықты қажет етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
  6. Бұрын берілген жер учаскесін жеке меншікке сату;
  7. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  8. 7 жасқа толмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою.

Әкімдікте осы аталған мемлекеттік қызметтерді азаматтар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан ала алады. Қазіргі уақытта мамандармен халыққа 11 қызмет көрсетілді. Округ бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға 279 адам кезекте тұр. Әскери тіркеу столының жұмысы да қамтылған. 2020-2021 жылдары Оразақ ауылдық округі бойынша Целиноград аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен 16 азамат әскери борышын атқаруға шақырылды.

Оразақ ауылында 150 адамдық, Бірлік ауылында 60 адамдық мешіт бар.

Азаматтардан апта сайын өтініштерді қабылдау жұмыстары жүргізіледі. 12 айда 17 өтініш тіркелді. Барлығы уақытында базаға Е-өтініш бағдарламасы арқылы тіркелуде.

2018 жылдан бастап, бюджеттің 4-деңгейіне өтуімізге байланысты әркез ауылдық округтегі салық төлеушілердің есебі жүргізіліп отырады. Мүлік салығы-58,6 мың теңге, жер салығы-522,7 мың теңге, көлік салығы-2343,2 мың теңге, түскен салықтар-127,8 мың теңгені құрап тұр.

Төрт түлік. Оразақ ауылдық округі бойынша үй-мал шаруашылық есебінде өзгеріс ірі-қара мал 737-ден 764-ге, қой,ешкі 1482 ден 1879-ге, жылқы 720-дан 729-ға, шошқа саны сол қалпы 8, үй жайындағы құстар саны 1755-ке келді. Өзгеруінің себебін айтар болсақ жылдан жылға үй-мал шаруашылығына қажетті жем-шөп бағасы өсіп жатқандықтан, мал шаруашылығымен айналысу қыйындап жатыр. Соған қарамастан ауыл тұрғындары мал басын көбейтіп отыр.

Биыл қара малды Оспанов Төлеген, жылқы малын Мукушев Жаслан мен Қали Дәулет бақты, ұсақ малды ауыл тұрғындары өзара кезектесіп, келісіп бақты.  Барлық мал аман-есен, ойдағыдай халыққа таратылды.

Әр ай сайын ит ату туралы хабарландырулар ілініп, қараусыз жүрген иттерді аулау жұмыстары жүргізілуде. Тамыз, қыркүйек айында иттің балаға шабуы жайлы екі жағдай тіркелді. Бір ит атылып, екінші иттің иесіне айыппұл салынды. 2020 жылы атылған иттердің саны 38 бас.

Егілген вакциналар. Ірі қара  малдың құтыруына қарсы 400 бас, ұсақ малдың құтыруына қарсы 200 бас, жылқы малының құтыруына қарсы 100 бас егілді. Ірі қара малдың аталық дерматитіне қарсы 700 бас ірі қара мал егілді. Иттің құтыруына қарсы 60 бас, мысықтың құтыруына қарсы 20 бас егілді. Ірі қара малдың сібір жарасына қарсы 700 бас, ұсақ малдың 1700 бас, жылқыдан 600 бас егілді. Ит эхиконококкозына 60 бас ит егілді. Құс тұмауына қарсы 1400 вакцина егілді. Ірі қара малдың туберкулезіне қарсы 700 бас егілді. Жылқы безіне қарсы 50 жылқы егілді. Бруцеллезге 700 ірі қара мал, 1700 ұсақ мал егілді.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Шаруашылық қожалықтар егіс алқабын qoldau.kz интернет платформасында тіркеп, осы сайт арқылы барлық іс-әрекеттерін жүзеге асыруда. Оразақ ауылында 28 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Биылғы егін егу жұмыстары бойынша: барлық егін егілген алқап 9295,4 га. Бұнын ішінде бидай 8060,6 га, арпа 1205 га.  Орташа өнімділік  биылғы жылы 12 ц/га. Шамамен 8 мың тоннадай егін жиналды.  

Кәсіпкерлік. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен 2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі халыққа жолдауында «Шағын және Орта бизнес қиын кезеңдерді бастан кешуде. Ауыр экономикалық жағдайды жою үшін 700 мыңннан астам кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік берілді. Ұлттық банк 2021 жылдың соңына дейін ең көп зардап шеккен секторларда ШОБ үшін арнайы айналым қаражатын бағдарламасын жүзеге асырады» деген.

Оразақ ауылдық округінің аумағында бүгінгі күні 16 жеке кәсіпкер (13 дүкен, 1 жол бойындағы кафе, 1 шаштараз, 1 ас машинасы) жұмыс істейді. Оразақ елді мекенінде – 12 дүкен, Бірлік ауылында - 1 дүкен. Дүкендер халыққа азық-түлік өнімдерін сатады. Жеке кәсіпкерлер Целиноград ауданының салық басқармасында тіркелген.

Ауылдық округ әкімдігі,  үнемі дүкендерге жеткізушілердің азық-түліктерінің бағасын  бақылап отырады.

Ең басты міндет әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға бағаның өсуіне жол бермеу болып табылады, бірінші кезекте нан өнімдері. Барлық нан-тоқаш өнімдері округ аумағындағы дүкендерге Нұрсұлтан қаласынан әкелінеді. Күніне 700/800 бөлке нан жеткізіледі.

Апта сайын азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіліп, Целиноград ауданының кәсіпкерлік бөліміне есеп беріледі. 1 бөлке нан бағасы бүгінгі күні 100 теңгені құрайды (2020 жылдың басында 85, соңында 95 теңге).

Ковид - 2019 індетіне қатысты наурыз айынан осы уақытқа дейін кәсіпкерлік бөлімінен келіп түскен қаулылардың барлық міндеттемелері кәсіпкерлер арасында, тұрғындар арасында орындалып келеді. Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Целиноград ауданы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу туралы шешімін орындау мақсатында округте 8 адамнан тұратын мобильді топ құрылды. Мобильді топ әрдайым жеке кәсіпкерлердің санитариялық нормаларын сақтауын қадағалап отырады.

Оразақ ауылдық округінде қысқы, көктемгі уақыттарда «Қосшы-Қуат»  мекемесінен Бульдозер, Погрузчик, Камаздар келіп ауыл іші жолдарын қардан тазалап көктемгі уақыттарда қар шығару, қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді. 

Нұр Сұлтан – Оразақ маршруты ашылып, «Mercedes-Benz» спринтер  автокөлігі халыққа қызмет жасауда, күніне екі мезгіл қатынайды.

«Оразақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы аясында Қазақстан Республикасының Конституциясына және  заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Ақмола облысы және Целингорад ауданы әкімдерінің  актілеріне, өзге де нормативтік – құқықтық актілерге, сондай – ақ «Оразақ ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Ауылдың тұрғындары ауылды көркейту үшін ат салысуда.

Жанпеисов Ерлан Қуатұлы өзінің ескі үйіне жөңдеу жұмыстарын жүргізіп, сол жерден көлік жөңдейтін орын ашуды жоспарлап отыр.

Пасько Валерий Васильұлының көлік жөндейтін орынының құжаттарын рәсімдеуі қалды. (СПК ескі үйінде).

Мамбетова Дариға Ашимқызы наубайхана ашуды жоспарлауда (ескі үйінде, бизнес жоспары дайын).

Капбасов Бекзат Қизатұлы наубайхана ашуды жоспарлауда (бизнес жоспары дайын, құжаттары реттелген, ескі үйінде).  

Борщин Бауыржан Темирболатұлы монша ашуды жоспарлап отыр (бизнес жоспары бар, құжаттары рәсімделмеген).

Бұл азаматтар өз бизнес жоспарларын жасап, өзгеріс енгізетін жерлеріне өзгеріс енгізіп, рәсімдейтін, реттейтін құжаттарын реттеп, істі бастаудың қамында. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпы ауылымызда ынтымақ және өзара қолдау қажет. Біздің стратегиялық бағытымыз – айқын. Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы білеміз. Бүгін мен сіздердің алдарыңызда дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Еліміздің, ауылымыздың бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ.

Құрметті жерлестер, менің есебімнен кейін, арнайы орнатылған жәшіктегі халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері салынған, сонымен қатар Оразақ ауылдық округі әкімдігінің электрондық поштасына және Оразақ ауылдық округі әкімдігінің Facebook әлеуметтік желідегі аккаунтының парақшасына алдын ала жолданған сұрақтарды осы жерде оқып  қарастыратын боламыз, содан кейін көкейде жүрген кез келген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.

Есеп беру кездесуіне ұсынылған барлық мәселелер қаралды. Бүгінгі кездесуімді жабық деп жариялаймын.

Назар аударып тыңдағандарыңызға алғысымды білдіремін. Сау болыңыздар!

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Доклад

Сейчас читают

23 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Информация
22 октября 2026
Видеоролики
22 октября 2026
Call центры

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram
Aitu
Tiktok

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы