
Қайырлы күн!
Құрметті жерлестер! Қүрметті әлеуметтік желі қолданушылар!
Сіздермен «Шалқар ауылы» парақшасынан «Адал көмек»жобасы аясында тікелей эфирға шығып отырған Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округ әкімі мен Нығметов Қайрат Кайроллаұлы!
Мемлекет басшысы Қасым Жомартұлы 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялап , жалпы қоғам болып ел азаматтарына көмек қолдау көрсету-игі істердің бастауы екендігін жариялап өткен. Осыған орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ел аумағында халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы іске қосылған болатын.
Және де биылғы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа жолдау жасады
1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 2020-2021 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Сондай-ақ әлем пандемияны толық жеңуі үшін кем дегенде 2 жыл мерзім уақыт керек екенін, ал қазіргі таңдағы пандемия алып келген экономикалық-әлеуметтік дағдарысты қалыпқа түсіруге 5 жыл уақыт кететіні де айтылды. Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Ел Президенті өз жолдауында, қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті. Әсіресе соңғы уақыт көлемінде денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегінің бағалануы керектіггін, әлеуметтік көмектің тағайындалуын тапсырды.
2021 жылдың 10 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болды. Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық.
Біздің ауданның әлеуметтік экономика жоспарын басқарушы Целиноград аудандық әкімінің аппараты.
Биылғы жылы Шалқар ауылдық округінде біршама жұмыс атқарылды.
Шалқар ауылдық округі бойынша 3 (үш) ауыл бар. Осы үш ауылда 1188 адам турады. Шалқар ауылында 770 адам, Отаутускенде 285 адам, Қаратомар ауылында 131 адам. Осы ауылдардың орталығы Шалқар ауылы.
Облыстық орталығы Көкшетау қаласына дейін 400 км., аудан орталығына дейін 40 км (шақырым), Астанаға дейін 70 км. шақырым жерде орналасқан
Қаржы
Ауылдық округімізде екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар, ол: «Шалқар» ЖШС және «Қаратомар» ЖШС. «Шалқар» ЖШС мал шаруашылығымен және өсімдік егу шаруашылығымен айналысады. 11 (онбір) шаруашылық қожалығы, 6 (алты) жеке кәсіпкер бар.
Осы үш ауылдағы қара малдың саны 1143 бас, үсақ қара малдың басы 1090 бас, құстың саны 1726, жылқының саны 661 бас. Жыл сайын жоспар бойынша ауылдың малдарына ветеринарлық іс- шаралар жүргізіледі.
Сондай-ақ жыл сайын ауыл округі бойынша белгіленген шектеу іс-шаралары анықталуына байланысты ұсақ қара мал арасында сарып (бруцеллез) жұқпалы ауруының ошағы пайда болмау ушін іс-шаралар өткізіледі. Көктем және күзгі мезгілінде ветринарлық іс-шаралар өткізілді.
Және де өткен жылы 4 рет қаңғыбас иттердің басын жойю жұмыстары өткізілді, (27 ит ауланды).
Дәрігерлік мекеме
Ауылдарда дәрігерлік қөмек көрсететін мекемелеріміз бар. Шалқар жіне Отаутускен ауылында МП қанағаттарлық жұмыс жасауда.
Білім жүйесі
Ауылдық округ бойынша үш мектеп бар. Ол Шалқар орта мектебі, оқушылырдың саны 134 бала, 27 ұстаз тәлім-тәрбие жұмысын атқарады.
Каратомар негізгі мектебінде 21 бала және де 8 ұстаз бар. Отаутускен бастауш мектебінде 16 бала 4 ұстаз жұмыс істейді. Жыл сайын жасалатын ағымдағы жөндеу жұмыстары осы 3 мектепте жасалды.
Аудан бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық шарасына қатысып ауылдың жағдайы жұқа, балалары көп отбасыларына ауылдық округ аппартының ұжымы, шаруашылық, ауыл имамы демеушілік жасады оқу құралдары, киім –кешектер әперілді.
Ауыз су мәселесі
Ауыз су мәселесі осы үш ауылда толық көлемде камтамасыз етілген. Биылғы жылы ауыз су үнемі болып түрды. Су қыбыры жарылған кездері, шұғыл түрде жөндеу жасалды. Биылғы жылы Шалқар ауылына келетін су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізу көзделуде. Су құбырлары жөндеу іс-шаралары «Целиноград су Арнасы» мемлекеттік мекемесінің құзырында.
Жол мәселесі Шалқар ауылдық округі бойынша бір шешілмеген мәселе бұл Шалқар ауылынің көшелерінің жолы. Былтырғы жылы Победа көшесіндегі 1 км 200 м жолына орташа жөндеу жүргізілді, бұл жұмыстың жалғасы керек.
Ал Қаратомар ауылына қатынайтын 18 км шақырым жолға ағымдағы жөндеу өткізу керек. Бұл жол аудандық мағналы жол болып саналады. Биылғы жылы Шалқар және Отаутүскен ауылдарының ішкі жолдарын орташа жөндеу белгіленген. Сметалық құжаттама әзірленіп, ауданға ұсынылды
Байланыс жүйесі.
Ауылдық округі бойынша бір байланыс бөлімшесі бар. Бұл байланыс бөлімшесінен біздің зейнеткерлер зейнетакылырын алып түрады, Казпошта арқылы әр түрлі төлем ақылар төленеді. Шалқар ауылдық округінде 139 зейнеткер бар. Зейнетақыны осы Казпошта бөлімшесінен алады, басылымдарға газет, журналдарға жазылады.
Мәдениет және спорт.
Шалқар ауылында «Шалқар»ЖШС директоры Камзебаев Д.Қ. «Жастар орталығын» көтеріп берді. Биылғы жылы осы ауылдық клуб аудан құзырына тегін тапсырылды. Бұл мекеменің жауапкершілігін «Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің» құзырынап берді.
Екі кітапхана жұмыс істейді, ол ауылдық кітапхана және мектептегі балаларға арналған кітапхана
Спорт мәселесіне келсек ауылдық округ бойынша әкімшілік жетекшілігімен жалпы Шалқар ауылындағы орта мектеп оқушылары мұғалімдер қолдаумен, түрлі жарыстарға қатысып қазіргі уақытта үлкен жетістіктерге жетті.
Халыққа демеушілік көмек көрсететін «Шалкар» шаруашылығы басшысы Қамзебаев Д.К.. және де шаруашылық қожалықтары өз тарапынын қарт тұрғындарына, көп балалы отбасылырыңа, аз қамытылған отбасылырына жем, шөп, үн т.б. қөмек көрсетіп отырады. Қайтқан кісілередің отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетіледі. Қарантин уақытында жағдайлары төмен көп балалы отбасыларына шаруашылық өз тарапынан демеушілік көрсеттіп, көп балалы 6 отбасына жәрдем көрсетілді азық түлік таратылды.
Және де әкімшілік өз тарапынан екі мүмкіндігі шектеулі азаматқа және екі жағдайы төмен толық емес отбасыларына көмек көрсетті. Әлеуметтік пакеттар таратылды.
Шалқар ауылында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ауылдың тыл еңбекерлеріне Шалқар ЖШС демеушілігімен әлеуметтік қөмек көрсетілді. Қартардың үйлеріне барып азық-түлік пакеттері табыстады.
Тағы бір айта кететін мәселе біздің халық үлкен түсінікпен қарап жылжымайтын мүлігінің, жердің, автокөліктерінің салығын төлеп жатыр.
Целиноград ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімімен» тығыз қатынаста жұмыс істейміз.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аз қамтылған азаматтарға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге көмек көрсетілді.
Жағдайы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік қөмек 3 отбасына 18 адамға көрсетіліп отыр. БҰл аталмыш көмек отбасының табысы төмен деңгейде болса, еңбек нарығында өз орнынын тауып тығырықтан шығуға деген құлшынысы бар азаматтарға беріледі.
"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлекті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту негізінде Шалқар ауылдық округі бойынша 2 адам оқып сертификат алды. Микрокредит алып мал шаруашылығын дамытуды көздеп отыр.
Ауылдық округ бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімімен тығыз қатынаста осындай біршама іс-шаралар өткізілді.
Кәсіпкерлік.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" 2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі халыққа жолдауында «Шағын және Орта бизнес қиын кезеңдерді бастан кешуде. Ауыр экономикалық жағдайды жою үшін 700 мыңннан астам кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік берілді.
Ауылдық округ әкімдігі, үнемі дүкендерге жеткізушілердің азық-түліктерінің бағасын бақылап отырады.
Ең басты міндет әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға бағаның өсуіне жол бермеу болып табылады, бірінші кезекте нан өнімдері. Барлық нан өнімдері округ аумағындағы дүкендерге Нұрсұлтан қаласынан әкелінеді. Күніне 100-200 бөлке нан жеткізіледі және ауыл тұрғандарын ЖШС «Шалкар» наубайхансы нанмен қамтамасыз етеді.
Апта сайын азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіліп, Целиноград ауданының кәсіпкерлік бөліміне есеп беріледі. 1 бөлке нан бағасы бүгінгі күні 95 теңгені құрайды (2020 жылы 90-95 теңге).
Мешіттерге қарасу – мұсылмандарды міндеті екенін еске салудан жалықпаймыз. Сауаптан шет қалмасын деген ниетіміз деп қабылдаған абзал. Міне Шалқар ауылындада былтырғы жылы ауыл жастары ауыл мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізді. Атап айтсақ, ғимараттың сыртқы келбеті, есік-терезе, еден, жарық және басқа жұмыстар атқарды Отаутүскен тумасы Жакенов Канат Маратұлы өз игілі істерімен көзге түсіп жүр, биылғы жылы да ауыл жастарының басын қосып намазхана көтеріп жатыр Отаутүскен ауылында.
Алланың үйлеріне мұсылмандар қарайласпағанда, басқаның келіп жыртығымызды жамап бермесі анық қой. Міне биылғы жылы да ауылдың азаматтары мешіт алдына қосымша күнқағар салып, мешіттің алдын жөндеп қойды.
Алла Тағаланың мешіттерге көмектесуге бұйырған әміріне мойынсұнып, қол ұшын созып жүрген Шалқар ауылының жомартты жандарына алғыс айтамыз.
Туған жерге үлес қоспас бұрын әр адам туған жерін сүйе білуі керек. Оның болашағына қамқор бола білуі тиіс. Сонда ғана өз елімізді туған жерімізді көркейте аламыз. Өмір жақсы істер жасауға берілген..
Осындай іргелі құрылыстарды салу арқылы айналаны көгалдандырып, көркейтуге өз үлесін қосып отырған ауылымыздың азаматы Закарьянов Дабылхан. Дабылхан Шалқар ауылына монша салып жатыр және Отаутускен азаматы Кенжебеков Хамит Отаутускен ауылына монша салып іске қосты. Саттілік тілейміз! Бастысы игі істер жалғасып, үзілмеуі тиіс.
Әкімдікте кабылдауда көбінесе үй-жай мәселесімен, жер мәселесімен кірген азаматтар көп. Өз тарапымыздан көмек көрсетіп, түсініктеме беріп отырдық.
2020 жылы қыс мезгілінде қар шығару жұмыстары ұйымдастырылды. Биыл боранда көп болды, қар да көп түсті. Бораннан кейін жолдар әрдәйім тазартылып отырды. Қар шығарылды.
Көктем мезгілінде су тасқыны апатын алдын алу жұмыстары жүргізілді. Кезекшілік кестесі құрылды, күні-түні кезекшілер су көтерілуін бақылауда болды.
Ауылды көріктендіру барысында тазарту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, жоспар құрылды, әр көшеге мамандар тағайындалды.
Үй жайлардың жиналған қоқыстарын шығаруға көмегін көрсеткен Шалқар ЖШС және ауылдың техникасы бар тұрғындары ол Сыздыков Болат, Толепбергенов Азамат, Кенжебеков Хамит№ Тасимов Кайыргельды деген азаматтар ауыл тазартуға ат салысты. Апта сайын «Таза бейсембіліктер», сенбіліктер өткізілді. Қөріктердіріу кезенінде 455 675 тонна қокыс шығарылды.
Қоғамдық жұмысқа жұмыссыздардан 8 адам тартылды.
Қыс мезгілінде жолдардың жұмыс істеуін қамтамассыз ету үшін 1393 000 тенге бөлінді. Бұл қаржы қар тазалауға пайдаланылды. Газ баллон апта сайын әкелініп турады.
Ауылда ардагерлер ұймы жұмыс істейді, көп мәселені ардагерлер ұжымымен ақылдасып шешім кабылданады. Әлеуметтік қорғауға арналған дағдарысқа қарсы шараларды қолдау барысындағы бір бірімен қызмет көрсету 2 меморандумдар құрылды. Бұл меморадумдар шаруашылық пен ауылдық округ әкімшілік аппаратың келісімімен құрылды. Бұл меморадумдарға демеушілік жасап отырған ЖШС «Шалкар» болып отыр.
Шалқар ауылдық округі бойынша учаскелік инспектор Жумабеков Ернар Абаевич қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарады.