Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
Жазбаша нысанда берілген жолданымда:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
жолданымның мәні;
жолданымның берілген күні;
арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.