GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
19 августа 2026
Қазақстан Республикасы құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды
Бюджет
Есеп беру кездесулер
Абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Әлеуметтік қорғау
Жергілікті басқару
03 июня 2026
Жаныспай ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесу

2026 жылғы 26 мамырда Жаныспай ауылдық округінің Жаныспай ауылында халықпен тұрақты кездесу өтіп, онда округті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

26 мая 2026
Аудан әкімімен тұрақты кездесу
Ішкі саясат
10 апреля 2026
Оң конфессияаралық қатынастар мен діни төзімділікті қалыптастыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша профилактикалық іс-шара

2026 жылғы 08 Сәуірде Ковыльное  ауылында тұрғындардың ұлттық сарапшымен, дін істері комитетінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесімен кездесуі өтті.

Іс-шара аясында діни сауаттылық, экстремизмнің алдын алу және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар диалогқа белсенді қатысып, оларды толғандыратын сұрақтар қойып, маманнан егжей-тегжейлі түсініктемелер алды.

Ішкі саясат
17 марта 2026
Цифрлық көктем «Digital Nauryz»: Қазақстан Наурызды цифрлық форматта қарсы алады

Платформа мен іс-шаралар бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты Digital Nauryz сайтынан білуге болады.

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ел бойынша өтетін мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратты біріктіретін Digital Nauryz онлайн-платформасын іске қосады.

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, ал Digital Nauryz платформасының іске қосылуы елдегі технологиялық өзгерістер мен цифрлық трансформацияның символдарының біріне айналады.

Платформа GOV.KZ мемлекеттік порталының базасында құрылды және 14–23 наурыз аралығында жұмыс істейді. Ол бірыңғай цифрлық кеңістікте іс-шаралар анонстарын, жаңалықтарды және мерекелік оқиғалардың тікелей трансляцияларын біріктіреді.

Сайтта Қазақстанның барлық облыстары бойынша өңірлік бөлімдер ұсынылған. Соның арқасында пайдаланушылар нақты қалалар мен өңірлердегі іс-шаралар туралы біле алады, қорытынды материалдармен танысып, онлайн-трансляциялар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға өте алады. Платформа бірнеше тілде және жасанды интеллект негізіндегі аударма функциясымен жабдықталған, бұл ақпаратты барынша кең аудиторияға қолжетімді етеді.

Жобаның іске қосылуы Наурызды мерекелеудің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастырады, онда көктемгі жаңару дәстүрлері заманауи технологиялармен ұштасады.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында Digital Nauryz платформасына өтетін бірыңғай баннер орналастырылды.

Қазақстандағы Наурыз мерекесінің өту барысын онлайн режимде бақылаңыз!

 

Дереккөз:  Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Мемлекеттік қызметтер
10 марта 2026
Құқық кабинеті

Құрметті Ақмола облысы Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округінің тұрғындары!

Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Ақмола облысы Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округі әкімінің аппаратында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілермен танысуына арналған ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар «Құқық кабинеті» және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.

«Құқық кабинеті» және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда: «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZanKomegi» жүйесі, «Тараптар кабинеті», сондай-ақ халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетуге қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

Құрметті Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округінің тұрғындары! Егер сізде құқықтық мәселелер туындаса, төмендегі мекенжайда орналасқан «Құқық кабинетінің» қызметін пайдалана аласыз:

Мекенжайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Жаныспай ауылы, Ленин көшесі, 15.

«Ақмола облысы Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Байланыс телефоны: 8 (71647) 29-6-21.

Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
04 марта 2026
Құрметті Жаныспай ауылдық округінің тұрғындары!

Құрметті Жаныспай ауылдық округінің тұрғындары!

"Ақмола облысы Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2026 жылғы 1-30 наурыз аралығында аудандық атқарушы органдардың 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді жария талқылау жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-zhanyspay/activities/67963?parentId=38416&lang=kk 

Есептер Жаныспай ауылдық округі әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жария танысу үшін орналастырылған:
📌Қосымша ақпаратты телефон нөмірі бойынша алуға болады: 8 (71647) 29-6-21.
Барлық тұрғындарды қатысуға және өз ұсыныстарын енгізуге шақырамыз.

Сайлау
РЕФЕРЕНДУМ-2026
04 марта 2026
🔹Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!

📌2026 жылғы 15 наурызда Республикалық референдумның өтуіне байланысты Есіл ауданының әкімдігі сайлаушылар тізімдерін нақтылау және өзектендіру үшін Call-орталық құрылғаны туралы хабарлайды.

Егер Сіз тізімдегі деректеріңіздің бар-жоғын тексергіңіз келсе, референдум учаскесінің мекенжайы мен нөмірін нақтылағыңыз келсе немесе референдумға қатысу тәртібі туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, 8 (71647) 21 0 41 телефон бойынша хабарласа аласыз.

Сондай-ақ, референдум учаскесі туралы ақпарат қолжетімді:
✔️- Ресми веб-қызметте: https://sailau.aqmola.gov.kz/?lang=ru


✔ ️ - Telegram-дағы чат - бот арқылы: @Sailauaqmolabot.

Аудан тұрғындарынан өз деректерін алдын ала тексеруді және қажет болған жағдайда оларды уақтылы нақтылау үшін Call-орталыққа хабарласуды сұраймыз.

10 ноября 2025
Есіл ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесулері 2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы кестесі
Абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
24 июля 2025
"Таза ауыл" акциясы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жаныспай ауылдық округінде «Жаныспай ZR » ЖШС күнделікті тұрмыстық қатты тұрмыстық қалдықтар мен көңді Жаныспай ауылының аумағынан шығаруда.
#ТазаҚазақстан

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы