Ерейментау аудандық мәслихатының № 2 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Ерейментау аудандық мәслихатының № 2 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша №2 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:

- Алданғұров Ерлан Камиденұлы, 1967 жылы туған, ұлты  қазақ, «Молдаш Агро» ЖШС директоры, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ақсуат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

- Әлиева Торғын Сайтывалдықызы, 1964 жылы туған, ұлты  қазақ, «Аidana S» ЖК директоры, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, «Әділет» партиясынан ұсынылған;

- Шакирова Сырлытас Мағжанқызы, 1984 жылы туған, ұлты  қазақ, «Үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ консультанты, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Округтік сайлау комиссиясы

Жарияланған күні

31 қазан 2026 11:49

Жаңарту күні

31 қазан 2026