Мемлекеттік қызметтер

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Торғай ауылдық округінің  әкімі аппараты" ММ-сі келесідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (бірінші кезең, екінші кезең); 
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (бірінші кезең, екінші кезең);     
  4. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

Торғай ауылдық округінің  әкімдігінде тұрғындар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы E-gov порталы жұмыс істейді, онда ХҚКО-ға бармай-ақ, мобильді азаматтар базасына тіркелуге, ЭЦҚ кілтін шығаруға, тұрғылықты жері бойынша тіркелуге, медициналық ұйымға тіркелуге, қажетті анықтамалар алуға және т.б. болады.

Жарияланған күні

05 наурыз 2024

Жаңарту күні

05 наурыз 2024