«2026-2028 жылдарға арналған Ерейментау қаласының, ауылдардың және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» аудандық мәслихаты шешімін жүзеге асыру туралы (2026ж. 29.12. №10 )
«2026-2028 жылдарға
арналған Ерейментау қаласының, ауылдардың және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» аудандық мәслихаты шешімін жүзеге асыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-48/2-25 «2026-2028 жылдарға арналған Ерейментау қаласының, ауылдардың және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне сәйкес, Ақмырза ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2026-2028 жылдарға арналған Ақмырза ауылдық округінің бюджеті орындауға қабылдансын, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 31 633,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 8 697,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 500,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 22 436,0 мың теңге;
2) шығындар – 31 633,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде;
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.
- 2026 жылға Ақмырза ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 22 436,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
- Ауыл әкімінің аппаратына осы шешімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдерін уақтылы өткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы шешім орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмырза ауылдық округінің әкімі К.Дюсенов
1