«Ақмырза ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»

«Ақмырза ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» 

 

           Ақмырза ауылдық округіне 2 елді мекен кіреді: Ақмырза және Жолбасшы. Жалпы халық саны 765 адам, оның ішінде 331 еңбекке қабілетті жастағы адам, 76 зейнеткер,               барлық топтағы мүгедектер 13 адам, оның ішінде 3 бала 16 жасқа дейін. Ақмырза ауылында орта мектеп жұмыс істейді, онда 127 бала екі тілде оқиды, сондай-ақ мектепте 10 балаға арналған "Жұлдыз" шағын орталығы жұмыс істейді.

        6 айда ауылдық округ әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардың 6 өтініші тіркелген, азаматтарды қабылдау кестесі мен азаматтардың жазбаша өтініштері үшін жәшік бар.             E-gov бұрышы арқылы 88 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стенді бар, стендтер уақтылы жаңартылып отырады. Е-лицензиялау бойынша электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеміз, күнделікті бақылау жүргізіледі.

        Ақмырза ауылдық округінде 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2 жаңадан ашылған ауылшаруашылық өндірістік кооперативі (ол Ақмырза 2050 мен Ырысалы),       7 шаруа қожалығы, 8 жеке кәсіпкер, 43 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат бар. Олардың барлығы өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді, ауылды дамытуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі.

      Ауыл шаруашылығы округтің негізгі саласы болып табылады. Округ бойынша ірі қара мал басы - 2837 бас, ұсақ мал - 4380 бас, шошқа - 23 бас, жылқы – 2616 басты құрайды. Ауылдың ветеринариялық-санитариялық профилактикалық іс-шаралары республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.  Округ бойынша жалпы жер көлемі 78515,5 га құрайды.

               Аудандық бюджеттен 022 бағдарлама бойынша 7,5 миллионға автокөлік сатып алынды және 9,0 миллион әкімдікке ғимарат сатып алу үшін қаражат бөлінді.       

          Қысқы кезеңде «Серноводск» ЖШС мен «Хамзе» ШҚ техникаларымен ауыл ішіндегі мен кіреберіс жолдарды қардан тазалау жұмыстары атқарылды жәнеде жолдарды ұстауға 500 мың теңге бөлініп игерілді.

         Ауылдық округ тұрғындарымен жыл сайын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. Абаттандыруға жұмыссыздар арасынан 2 адам жұмысқа қабылданды.  Абаттандыруға 500 мың теңге бөлінді, соған ағымды жөндеу жұмыстары өткізілді, яғни бейсенбі және сенбіліктер,  Стелла мен ағаштарды ақтау, қоршауларды сырлау, баннерлер ауыстырылды, қоғамдық және тұрғын ғимараттарды жөндеу жүргізіледі және жалғастырылады.

        Жалпы сомасы 338,0 мың теңгеге "Шпекбаев" жеке кәсіпкер арқылы 2025 жылғы 23-24 маусым күндері Ақмырза ауылында орналасқан қоқыс аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

         Ауылдық округте спорт пен мәдениетті дамытуға үнемі көңіл бөлінеді. Наурыз айында "Наурыз" мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар 345 мың теңгеге өткізілді.

                Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымның маңызды факторларының бірі автомобиль жолдарының жай-күйі болып табылады.   Ерейментау ауданының "Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік Мекемесі (Тапсырыс беруші) мен (медігер) "Gruss" Жауапкершілігі Шектеулі Серіптестік арасында. Ақмырза ауылының көшелерін орташа жөндеу бойынша 26.03.2024 жылы № 26 шарт жасалды. Яғни жалпы ұзындығы 5,6 км жалпы жобаның сомасы 347 970 000 (үш жүз қырық жеті миллион тоғыз жүз жетпіс мың) теңге.  2024 жылы 100 000 000 (жүз миллион) теңге бөлінде соған үш көшеге жалпы ұзындығы 3,520 км  тегістеу жұмыстары жүргізілді.                                  Қәзіргі уақытта 60 304 000 (алпыс миллион үш жүз төрт мың) теңгеге жалпы ұзындығы 2,05 км Ынтымақ көшесі мен Достық-Ынтымақ қиылысына тегістеу жұмыстары жүргізілді жәнеде жалпы ұзындығы 5,05 км Бимжанов, Жастар, Тәуелсіздік-Бейбітшілік пен Ынтымақ көшелеріне асфальтбетон қоспасынан жасалған тегістеу қабаты бойынша жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар жалғасуда.

       2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы есептік кездесуде тұрғындар келесі мәселелерді көтерді:

          - Куринбаев Жандос Жақсылықұлы, Жолбасшы ауылының тұрғыны:  Ақмырза - Жолбасшы арасындағы жолдарға тегістеу (гредирлеу) жұмыстары қашан жүргізіледі?  Бұл жол аудандық маңызы бар жолдарға жатады, сондықтан бұл мәселені тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп шешетін боламыз. Мәселе ашық.

         - Андрющенко Наталья Александровна, Ақмырза ауылының тұрғыны -  Достық көшесінде қиыршық таспен толтыру және грейдер деңгейін көтеру бойынша. 2025 жылғы 15 шілдеде жеке және заңды тұлғалардың көмегімен, атап айтқанда, Кирилл Коцанның жүк тиегуші, Ерлан Атығаевтың Камазы, Евгений Тодавчичтің  эксковаторы, "Хамзе" ШҚ екі Камазы және "GRUSS" ЖШС автогрейдерімен жүзеге асты, яғни жолға қиыршық тасты төсеп автогрейдермен тегістеді , содан кейін фрезерленген асфальт қабатын салып, тағыда автогрейдермен тегістелді. Мәселе шешілді.

      - Сабитова Жанна Борисовна, Ақмырза ауылының тұрғыны  -   Ақмырза орта мектебінде жылыту жүйесі мен спортзалды жөндеу бойынша мектептің қазандығында электр сымдары ауыстырылды, сондай-ақ ауданның білім бөлімі спорт залы мен жылу жүйесін жөндеуге өтінім берілді, мердігер анықталды, ол –«Рубин и К» ЖШС-сы, директоры Жанабаев Дархан Төлегенұлы жәнеде 17 шілден бастап мектептің жылыту жүйесінің демонтаж жұмыстарын бастады, мәселе ашық, бақылауда.

                                  Құрметті қатысушылар !

          Жоғарыда аталған баяндаманы қорытындылай келе, 2025 жылға бізде мынадай міндеттер тұрғанын айтқым келеді :

  1. Елді мекендерді абаттандыру және жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.
  2. «Ауыл-ел Бесігі» бағдарламасының жобасы шеңберінде жобаларды бақылау және іске асыру.

       Менің мақсатым - біздің барлық жұмысымызға қойылған міндеттерді орындау.

Жарияланған күні

13 тамыз 2025 15:22

Жаңарту күні

13 тамыз 2025

Түрі