Ақмырза ауылдық округінің 2026 жылғы 9 айдағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға арналған жоспарлары
Ақмырза ауылдық округінің 2026 жылғы 9 айдағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға арналған жоспарлары бойынша баяндама
Бүгін сіздерге Ақмырза ауылдық округінің 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2027 жылға арналған жоспарлары туралы айтып өткім келеді. Ақмырза ауылында қазіргі таңда 700 адам тұрады. Оның ішінде 354 адам еңбекке жарамды жаста, 80 зейнеткер, 15 мүгедектігі бар азамат бар, оның ішінде 16 жасқа дейінгі 3 бала бар.
Ауылда жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектепте 109 бала екі тілде білім алады. Сонымен қатар мектеп жанында 13 балаға арналған «Жұлдыз» шағын орталығы жұмыс істейді.
2026 жылғы 9 айыда ауылдық округ әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан 16 өтініш түсті. Тұрғындарды қабылдау үшін арнайы қабылдау кестесі бекітілген және жазбаша өтініштерге арналған жәшік орнатылған. Электрондық үкімет бұрышы арқылы тұрғындарға 93 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өзін-өзі қызмет көрсету орны бар. Ақпараттық стендтер уақытылы жаңартылып отырады.
Ақмырза ауылында 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Олар: «Ақмырза 2050», «Ырысалы», «Самғау» және «Темірбек-2». Сонымен қатар 10 шаруа қожалығы, 10 жеке кәсіпкер және 44 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат бар. Олардың барлығы өз жұмыстарын жүргізіп, ауылдың дамуына және халықты жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді.
Ауылдық округтің негізгі саласы — ауыл шаруашылығы. Қазіргі таңда округте 3 479 бас ірі қара, 5 613 бас ұсақ мал, 25 бас шошқа және 2 526 бас жылқы бар. 2026 жылдың 9 айында малдарға қажетті ветеринариялық жұмыстар мен вакцинация жүргізілді. Құтыру ауруына қарсы 2 100 бас ірі қара және 1 900 бас ұсақ мал егілді. Туберкулезге қарсы 2 550 бас ірі қара тексерілді. Сібір жарасына қарсы 1 400 бас ірі қара, 3 700 бас ұсақ мал және 25 бас шошқа егілді. Эмкар ауруына қарсы 1 300 бас ірі қара, нодулярлық дерматитке қарсы 1 450 бас ірі қара егілді. Аусылға қарсы 4 900 бас ірі қараға, оның ішінде ревакцинация жүргізіліп, 5 460 бас ұсақ малға вакцина салынды. Сонымен қатар құс тұмауына қарсы 1 600 құс, құтыруға қарсы 8 мысық егілді. Эхинококкозға қарсы 26 мысыққа тиісті жұмыстар жүргізілді. Зерттеу мақсатында 10 иттен, 4 094 бас ірі қарадан және 4 526 бас ұсақ малдан қан алынды.
2026 жылдың 9 айында бюджетке 30 740,9 мың теңге түсті. Жоспар 26 867,5 мың теңге болған. Оның ішінде салық түсімдері — 6 685,56 мың теңге, аудандық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер — 229,0 мың теңге, ал әкім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған субвенция — 22 436,0 мың теңге. Бос қалдық қаражаты есебінен 2 027,0 мың теңге Құрылтай аясында стенд жасауға және әкімдіктің жаңа ғимаратын жылытуға қарастырылды.
Ауылдың жолдарын күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстарына да көңіл бөлінуде.
Күзгі және қысқы кезеңде «Шпекпаев» жеке кәсіпкерлігі тарапынан ауыл ішіндегі және кірме жолдарда қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Жолдарды күтіп ұстауға 600,0 мың теңге бөлінді.
Әкімдік тұрғындармен бірге ауылды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
2026 жылғы 17–18 қыркүйек күндері «Шпекбаев» жеке кәсіпкерлігі арқылы Ақмырза ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстардың жалпы құны 388,0 мың теңгені құрады.
Ауылда спорт пен мәдениетті дамытуға да көңіл бөлінеді. Наурыз айында «Наурыз» мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларды өткізуге 140 мың теңге бөлінді.
2027 жылға арналған негізгі міндеттер:
Жоғарыда атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, 2027 жылға алдымызға мынадай негізгі міндеттер қойып отырмыз:
- Ауылды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жалғастыру.Автобанға дейінгі ұзындығы 6 шақырым жол учаскесін жөндеу жұмыстарын жалғастыру.
- «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуына бақылау жасап, тұрғындарға қолдау көрсету.
- Ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және ауыл тұрғындарын қолдау жұмыстарын жалғастыру.
Қорытындылай келе, алдағы уақытта да ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ауылымыздың дамуы үшін жұмыстарды жалғастыратын боламыз.
4