Меню

Страницы

Статья

Еліміздегі біліммен рухани келісімнің өз ара байланысы

Білім беру саласында ақпараттық кеңістікті кеңейтіп, әлемдік қоғамдастыққа мүше болуға байланысты елдің саяси-экономикалық даму денгейі ресурстары қалыптасуындағы рөлі артып, білім беру саласында заман талабына сай жаңа талаптарға байланысты бағдарлаудың маңызы зор болып көрінеді.    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - болып табылыды деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген.     

Білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдар  ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке құштарлығын қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін қамтамасыз етіп  жаңдандыра түсуді көздейді. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу қажет. Қазақстанда білім беруді жаңғырту - бүгінгі заманның басты талаптарының бірі болып саналады. Қазіргі таңда жаңа технологияларды енгізу үшін  «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде  оқып білім алған  жастарымыз  сол елдерде іс-тәжірибеден өтіп  алған білімдерін еліміздің білім, медицина, экономика саласында пайдалануда.

Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты - еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін  елімізде  әр түрлі бағыттар қарастырылған, солардың бірі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату және сол бағытта Қазақстан балаларына білім беру.

Келесі басты мақсат оқу процесіне заманауи әдістер  мен технологияларды енгізу жолдары. Осыған орай қазіргі таңда мектеп мұғалімдері мен колледж  оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту мақсатында  әр түрлі курыстар ашылып оқытушылар өз білімдерін жетілдіруде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағымен бүгіні  де, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Осыған байланысты білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Осыған орай біздің елімізде  жастарымызға заман талабына сай білім беріп отыруымыз қажет. 

Қазіргі       өмір сүріп отырған уақытымыз-жаңа көзқарастытармен технологияларды қажет ететін дәуір. Мысалы Жапония, Сингапур, Малазия қазіргі таңда білімнің арқасында  еш қазба байлықсыз дамып жетіліп отырған мемлекеттер. Жер қойнауындағы қазба байлықтары түбінде бір сарқылады, ал білімді алсақ ол еш-қашан сарқылмайды.  Соған байланысты біздің елімізде  ел болашағын ойласақ, көштен қалмау үшін заман талабына сай жастарымызға білім беруіміз қажет. Дәуіріміздегі озық технологиялы елдер қатарынан көрінгіміз келсе  жастарымызды  білім нарымен сусындата беруіміз қажет. Ата-бабамыз жай айтпаған шығар «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» -деп.

Бұл жағдайда білім беру құрылымының рухани саламен, ең алдымен дінмен тығыз байланысын атап өткен жөн. Ежелгі дәуірден бастап дін адам санасы мен болмысының өте маңызды бөлігі болып табылады. 21 ғасырда діни процестер ерекше әсерге ие болды, олар жағымды да, өкінішке орай да, жағымсыз да сәттерді өткізді.

          Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл – кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі – діни өрлеу. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап елімізде діни шараларда  өткізілуде. Елімізде бірнеше мешіттер салынып, медреселер ашылып жастарымызға діни бағытта білім беруде. Мысалы, Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті ашылды. Барлық осы процестер, әрине, оң болып табылады, өйткені олар ел халқының діни және дінтану білімін арттыруға бағытталған.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының зайырлы сипатын ескере отырып, біз халқымызды және ең алдымен жастарды мемлекеттің конституциялық негіздерін құрметтеу рухында тәрбиелеуіміз, көпұлтты қоғамымыздың өкілдері арасында толеранттылық сезімін дамытуымыз және сайып келгенде, елдегі рухани келісімді нығайтуымыз қажет.

Әлібек Ахметов – «Арна» жоғары колледжінің оқытушысы

Дата публикации
30 апреля 2021
Дата обновления
30 апреля 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
02 октября 2026
Информация о социальных проектах и (или) социальных программах государственного социального заказа на 2027 год
Статьи
25 июня 2026
АНОНС о начале обсуждения результатов внутреннего анализа коррупционных рисков в Управлении по делам религий Акмолинской области
Статьи
26 мая 2026
АНОНС О начале проведения внутреннего анализа коррупционных рисков в ГУ «Управление по делам религий Акмолинской области»

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы