Меню

Страницы

Статья

Дiни радикализмнiң себептерi мен қауiптерi

Дiннiң адамзаттың дамуы мен өркендеуiне қосқан үлесi зор. Дәстүрлi дiн түсiнiгi жеке тұлғаның қалыптасуы мен қоғамда үйлесiммен өмiр сүруiн басты негiзге алады. Дiннiң адами құндылықтарды, қоғамдағы бiрлiк пен ұлтаралық келiсiмдi, салт-дәстүрiмiздi сақтаудағы мүмкiндiгi зор. Алайда, бүгiнде дiннiң атын жамылып әрекет ететiн радикалды және экстремистiк дiни ұйымдар аз емес. Олардың басты мақсаты адамды отбасынаң және қоғамнан ажыратып алып, өздерiнiң жеке мақсаттарына қолдану. Олар адамдарды алауыздыққа, жiкшiлдiкке, бүлiкке, итермелейтiн уағыздарын түрлi айла тәсiлдер арқылы таратады.

Бауыржан Момышұлы бiр сөзiнде: «Тәртiпсiз ел болмайды, тәртiпке бағынған құл болмайды» деп қоғамдағы тәртiптiң маңыздылығын атап өткен. Экстремизм дегенiмiз шектен тыс көзқарастар мен әрекеттердi ұстану, қоғамдағы тәртiп пен нормаларды жоққа шығару дегендi бiлдiредi. Ал «терроризмнiң» басты белгiлерi «зорлық-зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кiнәсiз адамдарға кесiр тигiзу» екенiн бiле жүрген жөн. Демек, терроризм «үкiмет немесе қоғамды белгiлi бiр саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелi түрде жасалатын қоқан-лоққы мен зорлық-зомбылық» дегенге саяды. Осы ретте халықаралық террористiк ұйымдардаң төнiп тұрған негiзгi қауiп, ол — халық арасындағы бiрлiк пен ынтымақты жойып, мемлекеттiң тiректерiне нұқсан келтiру.

Дiни уәждегi радикализмнiң пайда болуының бiрнеше себептерi бар. Солардың iшiнде ең әуелi дiни сауатсыздықты жатқызуға болады. Әйгiлi Жан Жак Руссо бiр сөзiнде: «Адамдар бiлiм жоқтығынаң адаспайды, бiлемiн деп ойлағаннан адасады» деген. Шынымен де, бұл жердегi «сауатсыздық» ұғымын кеңiрек түсiнген дұрыс болады. Ақпараттық кеңiстiктiң есiгi ашық бұл заманда адам жеке ақпараттарды жаттап алуы мүмкiн. Бiрақ реттiлiксiз және сенiмсiз қайнаркөздерден алынған бұл материалдар терiс ақпараттарды қамтуы мүмкiн. Себептердiң арасына әлеуметтiк қиндықтар мен отбасылық жағдайды да қосуға болады. Радикалды ағым мүшелерi араларына жаңа өкiлдердi жинау мақсатында қаржылай көмекпен қамтамасыз ету фактiлерi де тiркелген.

Мемлекет өз тарапынан радикалды және экстремистiк дiни ұйымдарды ауыздықтайтын қажеттi заңдар мен ережелердi қабылдап келедi. Алайда, бiз, жат дiни ұйымдардың ықпалына қарсы тұруда — ұрпақтарымызға дұрыс тәрбие мен бiлiм берудегi өз жауапкершiлiгiмiздi ұмытпағанымыз жөн.

Қазақстанның әрбiр азаматы өзiнiң дiни сауатына мән берiп, рухани және ұлттық құндылықтарды дәрiптеуге өз шамасының жеткенiнше атсалысатын болса елдiң iшкi тұрақтылығы мен бүтiндiгiне ешқандай жат пиғылды ағымдардың сызат түсiре алмасы анық.

Бүгiнгi жаһандану дәуiрiнде бастаған iсiн орындауға табандылық көрсете алатын, жақындарына демеу бола алатындай тұлғаларды қалыптастыру келешек ұрпақ алдындағы басты мiндеттерiмiздiң бiрi екенiн естен шығармау керек.

Ақмола облысы дiн iстерi басқармасының

«Конфессияаралық қатынастарды талдау және

дамыту орталығы» КММ

исламтанушы маманы Данияр Кенжалин

Дата публикации
26 марта 2021
Дата обновления
26 марта 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
02 октября 2026
Информация о социальных проектах и (или) социальных программах государственного социального заказа на 2027 год
Статьи
25 июня 2026
АНОНС о начале обсуждения результатов внутреннего анализа коррупционных рисков в Управлении по делам религий Акмолинской области
Статьи
26 мая 2026
АНОНС О начале проведения внутреннего анализа коррупционных рисков в ГУ «Управление по делам религий Акмолинской области»

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы