Байборанов Асылбек Копбосынұлы
«Smart Aqmola» КММ-нің басшы орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Асылбек Көпбосынұлы 2020 жылы «Нархоз университеті» АҚ-ны экономика және бизнес бакалавры дәрежесі бойынша бітірді.
Мансап
Еңбек жолын 2019 жылы бастаған. Цифрландыру, инновацияларды дамыту, жобаларды басқару және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында жұмыс тәжірибесі бар.
2018–2021 жылдары Алматы қаласында жеке секторда жұмыс істеп, цифрлық жобаларды іске асыру, ақпараттық сервистер мен цифрлық қызметтерді дамыту бағыттарында түрлі лауазымдар атқарған.
2021–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (Астана қ.) жұмыс істеген.
2022–2024 жылдары «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорында (Алматы қ.), оның ішінде Жобалық кеңседе инновациялық жобаларды дамыту бағытында қызмет атқарған.
2024 жылы «Arcana Inc.» ЖШС-де (Алматы қ.) салаларды цифрландыруды дамыту бөлімін басқарған. 2024–2025 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да (Астана қ.) бас менеджер лауазымын атқарған.
2025–2026 жылдары Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты «Smart Aqmola» КММ басшысының орынбасары қызметін атқарған (Көкшетау қ.).
2026 жылғы 10 қарашадан бастап Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады (Көкшетау қ.).