Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 4 маусымда өткен сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 4 маусымда бір сайлау округі бойынша Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының                  14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Зеленобор ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3310 азамат енгізілді, олардың 2034-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 144, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 271.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

М.А. Баженов – 1283; Д.Е. Құлан – 196; Е.Б. Накенов– 140.

Зеленобор ауылдық округінің әкімі болып 1968 жылы туған Мәди Ақанұлы Баженов сайланды, Зеленобор ауылдық округінің Наурызбай батыр ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
05 июня 2023