2022 жылғы 26 маусымда Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің сайлауы өтті.

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 26 маусымда Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің сайлауы өтті.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бурабай аудандық сайлау комиссиясы Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Щучье сайлау округі

Щучинск қаласы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 32 746 азамат енгізілді, оның 14 392-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 180, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 923.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ж.Н.Дүйсенов – 1162; О.Б. Нұрмағамбетов – 9775; Ж.М. Оразалин – 2352.

Щучинск қаласының әкімі болып Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұратын, өзін-өзі ұсынған, 1990 жылы туған, "Шидай" ЖШС директоры Нұрмағамбетов Олжас Байболатұлы сайланды.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 27 маусымдағы шешімімен 2022 жылғы 26 маусымда Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі болып сайланған тіркеді.

Бурабай аудандық

сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
27 июня 2022