Мемлекеттік қызметтер

«Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері: қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету.
Ақмола облысы Бурабай ауданы "Зеленобор ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сі келесідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" (бірінші кезең, екінші кезең);
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (бірінші кезең, екінші кезең);
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Зеленый Бор ауылының әкімдігінде тұрғындар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы E-gov.kz порталы жұмыс істейді, онда ХҚКО-ға бармай-ақ, мобильді азаматтар базасына тіркелуге, ЭЦҚ кілтін шығаруға, тұрғылықты жері бойынша тіркелуге, медициналық ұйымға тіркелуге, қажетті анықтамалар алуға және т.б. болады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 14 ақпан 2024МақалаларМемлекеттік қызметтер
