Әскерге шақырушы жігіттерді зерттеу

2026 жылғы 13 ақпанда Бурабай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Елжас Алимтаевич Габдулиннің жетекшілігімен Успеноюрьевка ауылдық округінде әскерге шақырылушыларды зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – көктемгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында шақырылушылардың жеке деректерін нақтылау, олардың әскери қызметке дайындығын зерделеу және есептік мәліметтерді жаңарту. Жұмыс барысында азаматтардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, отбасылық ахуалы және әскери міндеттілікке қатысты өзге де маңызды мәліметтері қарастырылды.
Подполковник Елжас Габдулин жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, әскери есепке алу тәртібін сақтау, құжаттарды уақытылы рәсімдеу және шақырылушыларды әскери қызметке сапалы дайындау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, жастарға әскери қызметтің маңыздылығы, Отан алдындағы борышты абыроймен атқарудың мәні жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

