GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Все материалы
Әлеуметтік қорғау
22 октября 2026
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Әлеуметтік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін ұсыну тәртібіндегі өзгерістер туралы білгіңіз келе ме немесе Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) бойынша түсіндірме алғыңыз келе ме?

📞 Жедел желіге хабарласыңыздар!

☎️ 1414 — Қазақстан Республикасы бойынша Бірыңғай байланыс орталығы, тәулік бойы.

☎️ 109 — Ақмола облысы бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығы.

☎️ 8 (7162) 25-11-42 — Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.

☎️ 8 (7162) 90-10-21 — Ақмола облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» (МӘСҚ) АҚ, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.

☎️ 8 (7162) 29-86-45 — Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Қалалық және аудандық бөлімдердің байланыс телефондары
Қалалар

  • Қоқшетау қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

☎️ 8 (7162) 29-78-24.

  • Степногорск қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

☎️ 8 (71645) 5-97-18.

  • Қосшы қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

☎️ 8 (7172) 60-77-92.

Ақмола облысының аудандары
• Ақкөл ауданы —
☎️ 8 (71638) 5-51-02 (ЖҚәӘББ).
• Аршалы ауданы —
☎️ 8 (71644) 2-22-12 (ЖҚәӘББ).
• Атбасар ауданы —
☎️ 8 (71643) 5-61-42 (ЖҚәӘББ).
• Астрахан ауданы —
☎️ 8 (71641) 2-20-30 (ЖҚәӘББ).
• Бұланды ауданы —
☎️ 8 (71646) 2-26-58 (ЖҚәӘББ).
• Бурабай ауданы —
☎️ 8 (71636) 4-29-11 (ЖҚәӘББ).
• Біржан сал ауданы —
☎️ 8 (71639) 2-21-29 (ЖҚәӘББ).
• Есіл ауданы —
☎️ 8 (71647) 2-17-69 (ЖҚәӘББ).
• Егіндікөл ауданы —
☎️ 8 (71642) 2-11-31 (ЖҚәӘББ).
• Ерейментау ауданы —
☎️ 8 (71633) 2-19-64 (ЖҚәӘББ).
• Жақсы ауданы —
☎️ 8 (71635) 2-16-02 (ЖҚәӘББ).
• Жарқайың ауданы —
☎️ 8 (71648) 9-23-08 (ЖҚәӘББ).
• Зеренді ауданы —
☎️ 8 (71632) 2-11-71 (ЖҚәӘББ).
• Қорғалжын ауданы —
☎️ 8 (71637) 2-23-99 (ЖҚәӘББ).
• Сандықтау ауданы —
☎️ 8 (71640) 9-17-27 (ЖҚәӘББ).
• Целиноград ауданы —
☎️ 8 (71651) 3-04-80 (ЖҚәӘББ).
• Шортанды ауданы —
☎️ 8 (71631) 2-00-11 (ЖҚәӘББ).

 

Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылығы (ТИКШ)
20 октября 2026
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылау нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылау нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тапсырыс беруші: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, БСН 050140002890, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89-үй, тел.: +7 (716-2) 25-19-86, электрондық пошта: natur@aqmola.gov.kz.
Әзірлеуші: «Аspan TauLTD» ЖШС, БСН 051040009034, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қалқаман-2 шағынауданы, Сланов көшесі, 6-үй, тел.: +7 (727-3) 72-20-78, электрондық пошта: tau_aspan@mail.ru.
Жобалық құжаттамамен ҚОҚ және ТР ҚБД сайтында https://hearings.ndbecology.gov.kz// танысуға болады.
Ескертулер мен ұсыныстар 2026 жылғы 2 қарашадан бастап 10 жұмыс күні ішінде ҚОҚ және ТР ҚБД сайтында https://hearings.ndbecology.gov.kz// қабылданады.

19 октября 2026
Ақмола облысында Қазақстандағы алғашқы 900 басқа арналған роботтандырылған сүт-тауарлы ферма ашылды

Ақкөл ауданының Еңбек ауылында «Еңбек» ЖШС-ның 900 басқа арналған роботтандырылған сүт-тауарлы фермасы жұмысын бастады. Бұл – осындай ауқымдағы және роботтандыру деңгейі жоғары Қазақстандағы алғашқы кешен. Мұнда негізгі өндірістік үдерістер автоматтандырылған, ал адамның тікелей қатысуы барынша азайтылған. Роботтандырылған жүйелер сиырларды сауу жұмыстарын атқарса, арнайы жабдықтар малды азықтандыру мен оларды күтіп-бағуға қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Жаңа кәсіпорынның жұмысымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысты.

Жобаның жалпы құны 8,1 млрд теңгені құрайды. Оның 3,1 млрд теңгесі «Көкше» ӘКК» АҚ-ның қатысуымен бөлінсе, қалған 5 млрд теңге шаруашылықтың өз қаражаты есебінен қаржыландырылған.

«Бұл оқиғаның Қазақстан Республикасы Күніне орайластырылуының символдық мәні зор. Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және даму жолындағы ұмтылысын айшықтайды. Осындай кәсіпорынның іске қосылуы – өңірдегі сүтті мал шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам. Жоба Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының кластері аясында мемлекеттік қаржылық қолдаудың арқасында жүзеге асырылуда.

Жыл соңына дейін Ақмола облысында тағы екі ірі сүт-тауарлы ферма ашу жоспарланып отыр. Оның бірі Атбасар ауданында 760 басқа, екіншісі Бурабай ауданында 1 400 басқа арналған. Бурабай ауданындағы жоба аясында сүт өңдеу зауытын іске қосу да көзделген», – деді Марат Ахметжанов.

Қазіргі уақытта «Еңбек» ЖШС шаруашылығына 770-тен астам ірі қара жеткізілген. Оның ішінде Даниядан әкелінген голштин тұқымды 300 бас сиыр бар. Сонымен қатар шаруашылықта асыл тұқымды мал мен құнажындар өсіріледі. Жоба толық қуатына шыққан кезде кешенде 900 сауын сиыр ұсталатын болады. Жылдық сүт өндіру көлемі 4 230 тоннаны құрайды деп күтілуде.

Кешеннің басты ерекшелігі – роботтандыру деңгейінің жоғарылығы. Мұнда Германияның GEA Westfalia компаниясы шығарған 12 сауу роботы орнатылған. Жабдықтардың құны 1,9 млрд теңгені құрайды.

«Кешенде 900 сауын сиырға қызмет көрсетуге арналған роботтар орнатылған. Автоматтандырылған сауу жүйесімен қатар, климатты бақылау, малды азықтандыру және көңді тазалау жүйелері енгізілген. Күнделікті жұмыстардың басым бөлігі адамның тікелей қатысуынсыз орындалады. Мамандар жабдықтардың жұмысын бақылап, малдың жағдайын қадағалайды. Біздің мақсатымыз – әр сиырдан жылына 8,5 мың литрге дейін сүт алу», – деді ферма басшысы Қуаныш Рақышев.

Рақышевтың айтуынша, жұмысты кешенді ұйымдастыру санитарлық талаптарды сақтауға және шикізат сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпорында өндірілген сүт қазірдің өзінде «Гормолзавод» ЖШС-не жеткізіліп, одан түрлі сүт өнімдері, соның ішінде көпшілікке танымал балмұздақ өндіріледі.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту Ақмола облысының еліміздегі жетекші аграрлық өңірлердің бірі және елорданың азық-түлік белдеуі ретіндегі орнын нығайта түседі. Бүгінде өңірде жылына шамамен 90 мың тонна тауарлы сүт өндіріледі. Соңғы екі жылда сүт өндіру көлемі 1,8 есе артқан.

19 октября 2026
Құрметті Бұланды ауданының тұрғындары!

Құрметті Бұланды ауданының тұрғындары!

 

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін
2026 жылғы 4 қараша сағат 10.00-де аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Бұланды ауданының халқымен кездесуі өткізіледі.

Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.

 

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

07 октября 2026
Үкіметте Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру барысы қаралды. 

Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндады. Жекелеген салаларды цифрландыру мәселелері бойынша энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын  Нағаспаев, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «ҚазМұнайГаз» компаниясы басқармасының төрағасы Асхат Хасенов, «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқарма төрағасы Елжас Отыншиев баяндама жасады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен қабылданған Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы экономиканың негізгі салаларындағы ауқымды өзгерістердің бағдарын айқындап берді. 

«Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің ықпалымен экономиканың барлық саласында және жалпы адам өмірінде түбегейлі өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Сондықтан жаңа технологиялар мен сервистер озық қарқынмен дамуы тиіс. Digital Qazaqstan стратегиясын біз айтарлықтай цифрлық базамен жүзеге асыруға кірістік. Ел аумағын интернетпен қамту деңгейі жоғары болды, электрондық қызметтер мен сервистер кеңінен қолданылып жатыр. Осының барлығы енді жекелеген процестерді цифрландыру кезеңінен мемлекетті дамытудың жаппай цифрлық моделінің бірыңғай жүйесіне көшуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Премьер-министр.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер көрсету форматы едәуір жеңілдетілді: көптеген сервистерді «бір ғана батырманы басу» арқылы алуға болады; халыққа қызмет көрсету орталықтары да жаңа форматқа көшуде. Премьер-министр Жасанды интеллект министрлігіне атқарылып жатқан жұмыс қарқынын арттыра түсуді тапсырды. Мемлекеттік қызметтердің экожүйесі одан әрі проактивті түрде дамуы керек. Яғни, азаматтарға қыруар өтініш жіберудің қажеті болмайтындай жағдай жасалуы тиіс. Цифрлық салада да басы артық бюрократияға жол беруге болмайды. Ол үшін, ең алдымен, түрлі салалардағы бірқатар мәселені шешу қажет.

Энергетика саласында энергия жүйесін цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Энергетика министрлігі деректерді Energy Command Center-ге шығарып, саланың негізгі нысандары мен ақпараттық жүйелерін бірыңғай цифрлық контурға біріктіруі қажет. Осы жылдың соңына дейін негізгі нысандарға цифрлық түгендеу жүргізіп, салалық деректердің құрамына, сапасы мен берілуіне қойылатын бірыңғай талаптарды бекіту керек.  Мұнай-газ саласында жасанды интеллект және кен орындарының цифрлық телнұсқалары өндірістік процестерді басқарудың негізгі стандартына айналуы тиіс. Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен және «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп, осы шешімдерді барлық өндірістік активтерде кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс. 2028 жылдың соңына дейін 12 негізгі кен орнында  цифрлық телнұсқаларды толық іске қосу қажет. Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау аясында Өнеркәсіп министрлігі цифрлық шешімдердің бүкіл салада кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуі керек, ол үшін негізгі өндірістік деректерді бірыңғай салалық Data Lake жүйесіне біріктіру қажет. Аталған мәселелер жасанды интеллектіні енгізудің негізіне айналуы тиіс. Цифрландыру кәсіпорындарға еңбек өнімділігін көтеру, шығындарды азайту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру сияқты нақты нәтиже әкелуі керек.

Премьер-министр отандық цифрлық шешімдерге тұрақты ішкі сұраныс қалыптастыру қажеттігіне назар аударды. Өнеркәсіп министрлігіне екі ай мерзімде отандық цифрлық шешімдерді бірінші кезекте енгізу үшін басымдық берілетін кәсіпорындар мен технологиялық процестердің тізбесін айқындау, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен және ұлттық компаниялармен бірлесіп, отандық роботты техникаларға және пилотсыз шешімдерге ұзақмерзімді сұранысты қалыптастыруды тапсырды. АӨК-ті цифрландыру негізгі салалық деректерді жердің жай-күйі мен өндірістен бастап мемлекеттік қолдау мен өнімді өткізуге дейінгі мәліметтерді бірыңғай жүйеге біріктіре отырып, жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі бірыңғай ұлттық цифрлық экожүйені әзірлеу жұмысын жеделдету қажет. Онда барлық негізгі процестер мен деректер өзара байланысты болуы керек. Әркелкі салалық әкімшілендіруден ауыл шаруашылығын деректер негізінде басқаруға көшу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне бір ай ішінде шаруашылықтардың цифрлық деректерін пайдалана отырып, бірінші кезекте проактивті форматқа көшірілетін мемлекеттік қолдау шараларын айқындау тапсырылды.

Урбанизация үдерісінің қарқын алуына байланысты көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеме артып келеді.  Көлік министрлігі ұлттық ауқымдағы бірыңғай цифрлық көлік жүйесін қалыптастыруы қажет. Ол көлік активтерін толық есепке алып, қозғалысты нақты уақыт режимінде басқаруға, жүктемені болжауға және ықтимал тәуекелдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, екі ай мерзімде ірі қалалардағы көлік ең көп жүретін учаскелерді анықтап, онда қозғалыс легін интеллектуалды басқаруды пилоттық режимде іске қосу тапсырылды. Нәтижесі бойынша ең тиімді шешімдерді кеңінен тарату қажет. «Қазақстан темір жолы» компаниясы бір ай мерзімде тасымалдау туралы деректерді бірыңғай деректер қоймасына беруді аяқтау керек. Көлік министрлігімен бірге компанияны цифрландыруды кезең-кезеңімен дамыту жоспарын бекітіп, тасымалдарды басқарудың отандық технологияларына міндетті түрде көшу қажет. Қаржы саласын цифрлық трансформациялауға ерекше назар аударылды. Бюджеттік жоспарлау, қазынашылық атқару, мемлекеттік активтерді басқару және аудит – барлығы бірыңғай цифрлық жүйеге қосылуы тиіс. Бұзушылықтарды анықталғаннан кейін ғана тіркемей, олардың алдын алуға көшу керек. Ал бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерге қатысты шешімдер болжамды талдау негізінде қабылдануы қажет. Цифрлық теңге осы жүйедегі құралдардың біріне айналып, бюджет қаражатының толық қадағалануын және смарт-келісімшарттарды қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. Түптеп келгенде, төлем жасалғаннан кейінгі бақылаудан тікелей төлем сәтіндегі бақылауға көшу керек. Азаматтар мен бизнес үшін салықтық әкімшілендіру барынша байқалмайтын әрі сервистік сипатқа ие болуы қажет. Мемлекетте қазірдің өзінде деректердің едәуір көлемі бар, сондықтан салықтар автоматты түрде есептеліп, есептілікті алдын-ала толтыру керек. Қаржы министрлігіне екі ай мерзімде мемлекеттік деректер мен тәуекелдерді бағалау модельдері негізінде автоматты түрде шешім қабылдауға болатын басым бюджеттік, салықтық және бақылау процестерін айқындап, оларды нақты жүзеге асыру тапсырылды.

Премьер-министр сондай-ақ Digital Qazaqstan стратегиясын жүйелі түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Digital Qazaqstan стратегиясы мемлекеттік жоспарлау жүйесімен нақты байланысты болуға тиіс. Жасанды интеллект министрлігі Стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін стратегияның нысаналы индикаторларын мемлекеттік органдардың, өңірлердің және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының барлық даму жоспарларына жіктеп енгізсін. Стратегияны жүзеге асыру іске қосылған жобалардың саны бойынша емес, белгіленген көрсеткіштердің нақты орындалуына қарай бағалануы қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекеттік органдардың цифрлық және жасанды интеллект жобалары шашыраңқы болмауына ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект министрлігі екі ай ішінде іске асырылып жатқан және жоспарланған цифрлық жобаларды қайта қарап, бірін-бірі қайталайтын шешімдерді анықтасын және оларды бірыңғай архитектура мен ортақ мемлекеттік платформаларға шоғырландыруды қамтамасыз етсін. Бұл ресурстарды шын мәнінде маңызды жобаларға бағыттауға және бірдей функционалды бірнеше рет қаржыландырмауға мүмкіндік береді.

«Стратегияны жүзеге асыру үшін айтарлықтай қаржылық және технологиялық ресурстар қажет. Бұл ретте олардың көптеген шашыраңқы бастамаларға тиімсіз бөлінуіне жол бермеу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жасанды интеллект министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, жыл соңына дейін цифрлық жобаларға басымдық берсін.  Стратегияның көрсеткіштеріне қол жеткізуге тікелей ықпал ететін шешімдерді бірінші кезекте қаржыландыру қажет.  Цифрландыруға қатысты барлық жаңа бюджеттік өтінімдер Digital Qazaqstan архитектурасы мен басымдықтарына сәйкестігі, сондай-ақ күтілетін экономикалық әсері тұрғысынан ескеріле отырып қаралуға тиіс. Жалпы алғанда, стратегияның әрбір бағыты бойынша нақты жобалар, көрсеткіштер, мерзімдер және жауапты орындаушылар бекітілген. Бірінші басшылар түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін тікелей жауап береді.

Жалпы бақылау және үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді.

Білім беру
07 октября 2026
Ақмола облысының мектептері республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Ақмола облысының білім беру ұйымдары «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық байқауында жүлделі орындарға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша Ақкөл қаласындағы Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп бірінші орынға ие болды.

Облыстың өзге де білім беру ұйымдары байқау номинацияларында жоғары нәтиже көрсетті. Егіндікөл ауданының Үзынкөл ауылындағы жалпы білім беретін мектеп бірінші орын алса, Целиноград ауданының Мортық ауылындағы негізгі орта мектеп екінші орынға ие болды.

Байқау жеңімпаздарына «Қазақстан халқына» қоры тарапынан жүлде ретінде толық жабдықталған спорт алаңы мен воркаут аймағы жасалады. Бұл нысандар балалардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай қалыптастырып, олардың белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.

 «Бұл қайырымдылық қолдау балалардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосады», — деді Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Айгүл Шакшакова.

Байқау қорытындысы білім беру ұйымдарының бастамалары мен қайырымдылық қолдаудың ұштасуы балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып, мектеп ортасын дамытуға ықпал ететінін көрсетті.

Әлеуметтік қорғау
23 сентября 2026
Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 24 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы II тоқсанда облыстағы жұмыс күшінің саны 420 мың адамды, жұмыспен қамтылғандар саны 401 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,4% болып, республикалық көрсеткіштен төмен қалыптасты.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты сәйкестендіруде Enbek.kz электрондық еңбек биржасы маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда облыстағы жұмыс берушілер платформаға 6 мыңнан астам бос жұмыс орнын орналастырған. Олардың жартысынан астамы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.

Өңірде дәнекерлеушілер мен газ кесушілерге, слесарьлар мен механиктерге, тас қалаушылар мен құрылыс монтажшыларына, жүргізушілерге, механизаторлар мен тракторшыларға сұраныс жоғары. Сонымен қатар тәрбиеші, мұғалім және бухгалтер мамандарына қажеттілік бар.

Еңбек нарығының талаптарына сай кадр даярлауға да басымдық берілуде. Жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам кәсіптік оқытудың түрлі бағдарламаларына қатысты. Олар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алып, skills.enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды меңгерді. Сондай-ақ жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданды.

Уақытша және тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар да өз нәтижесін беруде. Субсидияланатын жұмыс орындары арқылы 2 мыңға жуық ақмолалық еңбекке тартылды. Олардың қатарында қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және «Күміс жас» жобасына қатысушылар бар.

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 104 адамға жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 37 млн теңге болатын мемлекеттік грант берілді. Бұдан бөлек, 434 мүгедектігі бар азамат жұмысқа орналастырылды.

Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің тікелей байланысын жолға қою мақсатында жыл басынан бері облыста 101 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шаралар барысында тұрғындар өзекті вакансиялармен танысып, жұмыс берушілермен кездесіп, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

Халыққа көрсетілетін жұмыспен қамту қызметтері Еңбек мобильділігі орталығы мен облыстың 17 ауданы және 3 қаласында жұмыс істейтін мансап орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Мамандар азаматтарға кәсіби бағдар беріп, сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге, лайықты жұмыс орнын табуға және тұрақты жұмыспен қамтылуға қолдау көрсетеді.

23 сентября 2026
Ақмола облысында экологиялық акция аясында 4,6 мың ағаш отырғызылды

Ақмола облысында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы мен халықаралық World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай экологиялық акция өтті. Іс-шараларға өңірдің 40 мыңға жуық белсендісі, еріктілері, мектеп оқушылары мен қоршаған ортаға бейжай қарамайтын тұрғындары қатысты.

Экологиялық бастамаға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қосылды. Өңір басшысы акцияға қатысушылармен бірге Ақкөл қаласындағы саябақтың аллеяларына ағаш көшеттерін отырғызып, аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

«Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы табиғатқа деген құрметтің және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жарқын көрінісіне айналды. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Бүгін ағаш отырғызу арқылы біз туған өлкемізді көркейтіп қана қоймай, келер ұрпаққа мұра қалдырамыз. Осындай бастамалар тұрғындарды біріктіріп, жастардың табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруы маңызды», – деді Марат Ахметжанов.

Осы күні облыстың барлық аудандары мен қалаларында аумақтарды санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Акцияға қатысушылар қарағай, шырша, терек, қайың, үйеңкі, балқарағай және түрлі бұталардың 4,6 мыңнан астам көшетін отырғызды.

«Бізді «Таза Қазақстан» акциясы біріктірді. Қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасау жай ғана міндет емес, әр адамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Мен үшін «Таза Қазақстан» – ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілік, жауапкершілік және қоршаған ортаны жақсартуға деген шынайы ниет», – деді ерікті Жолбарыс Қыпшақпай.

Өңірде экологиялық бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Биыл 2,8 мың гектар аумаққа 16 млн-ға жуық ағаш отырғызылды. Ал 2021–2025 жылдары Ақмола облысында 11 мың гектар аумаққа 74 млн көшет егілді.

09 сентября 2026
Ақмола облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері, сондай-ақ аудан және қала әкімдері қатысты.

Отырыста халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, көшелер мен жолдардың жай-күйіне, апат қаупі жоғары учаскелердегі және білім беру ұйымдарының маңындағы кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ жолдарды қысқы кезеңге дайындауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың және отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың алдын алу шаралары талқыланды. Алкоголь өнімдерін өткізуге бақылауды күшейтіп, оны заңсыз сатудың жолын кесу қажеттігі атап өтілді.

Құқық қорғау органдары жұмысының басым бағыттарының бірі – ұрлық пен мал ұрлығының алдын алу. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық бақылау және мамандандырылған қора-жайлар құру мәселелері қаралды. Құқық қорғау органдары, ветеринариялық қызметтер және жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Бұдан бөлек, облыстың жекелеген аудандарындағы есірткі ахуалы және нашақорлықтың алдын алу шаралары қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға профилактикалық жұмысты, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

03 сентября 2026
ОКүзде 23 мыңға жуық қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылады

В соответствии с Указом Президента в Казахстане началась осенняя призывная кампания, в рамках которой городские и районные призывные комиссии приступили к работе.

До конца декабря 2026 года на срочную воинскую службу будут призваны около 23 тыс. граждан мужского пола в возрасте от 18 до 27 лет, не имеющих оснований для отсрочки или освобождения от призыва. Из них свыше 12 тыс. человек пополнят ряды Вооруженных сил, 7 тыс. – Национальной гвардии, 3 тыс. – Пограничной службы КНБ, более 400 – Министерства по чрезвычайным ситуациям и около 300 – Службы государственной охраны.

Благодаря системе «Цифровой призыв» и проекту «Smart военкомат» большинство услуг призыва и воинского учета предоставляется в проактивном формате. Автоматизированы постановка граждан на воинский учет при смене места жительства, приписка 17-летних юношей, а также предоставление отсрочек и освобождений от призыва. Все сведения по воинскому учету доступны гражданам в личном кабинете на портале eGov.

Оборонное ведомство продолжает работу по повышению привлекательности срочной воинской службы, в ходе которой наряду с военно-учетной специальностью военнослужащие бесплатно могут освоить востребованную на рынке труда рабочую профессию. Их около 20, в том числе водитель, специалист связи, парамедик, экскаваторщик и другие.

Кроме того, для солдат предусмотрены отсрочка по выплате кредитов на период службы и возможность поступления в высшие учебные заведения на обучение по государственному образовательному гранту без сдачи ЕНТ.

Таким образом, Министерство обороны последовательно реализует проекты, направленные на повышение качества организации службы, развитие цифровых сервисов и укрепление взаимодействия с родителями солдат. При этом особое внимание уделяется безопасности прохождения службы, открытости Вооруженных сил и созданию современных социально-бытовых условий для военнослужащих.

Напомним, срочная воинская служба – это важный элемент системы обеспечения обороноспособности страны. Подготовленные военнослужащие формируют мобилизационный резерв государства, а сама служба способствует развитию дисциплины, ответственности, лидерских качеств и навыков работы в коллективе, которые востребованы как в армии, так и в гражданской жизни.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы