Қайырлы күн, құрметті брифингке қатысушылар!
Біз үшін әр азаматтың тәуелсіздік игілігін сезіне алуы маңызды міндет болып табылады. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.
Сіздерді Бұланды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласындағы өндірістің, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және бөлшек тауар айналымы көлемінің оң өсу қарқыны қамтамасыз етілді.
Аудан бойынша орташа жалақы 257 мың теңгені құрады және 2021 жылмен салыстырғанда 24,9%-ға өсті. Нақты жалақы индексі 115,2%-ды құрады.
Жергілікті бюджетке 2 млрд. 144 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, бұл жоспарлы болжамның 112%-ын құрайды. Аудан бюджетіне түсетін түсімдер 47%-ға асыра орындалды және 662,3 млн. теңгені құрады.
Ауданның негізгі даму саласы бұл – аграрлық сектор.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымының көлемі 24 млрд. 206 млн. теңгені құрайды.
Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарымен таза салмақта 24,2 мың тонна ет 3,5 мың тонна сүт өндірілді. 749 мың дана тауық жұмыртқасы алынды.
Өсімдік шаруашылығы саласында егіс компаниясын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникалары толық дайын, тұқымның қажетті көлемі бар, кепілді дизель отынын жеткізу кесте бойынша қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы 264,9 мың гектар алқапқа көктемгі егіс, оның ішінде 209,7 мың гектар алқапқа дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 32,6 мың гектарға майлы дақылдар егу жоспарлануда.
Мал шаруашылығы саласын дамыту мақсатында ағымдағы жылы 200 бас ірі қара малға арналған төрт ет фермасын құру жоспарлануда.
Қуаттылығы жылына 50 мың тонна ет болатын «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-нің 3-кезегінің құрылысы аяқталды, бұл өндірісті 80 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, жобаның жалпы құны 25,7 млрд.теңгені құрайды.
Есепті кезеңде аудан экономикасын дамытуға 4 млрд. 774 млн. теңге инвестиция тартылды, физикалық көлемнің индексі 56,5%-ды құрады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің төмендеуі 2022 жылы «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-нің 3-кезегінің құрылысы басталғандығына байланысты.
Инвестициялар туралы айта келе, соңғы бес жылда ауданға 109 млрд.теңге тартылғанын атап өткен жөн.
Инвестициялық қаражат жаңа кәсіпорындар ашуға және жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығы арқылы 219 адам жұмысқа орналастырылды, 73 жаңа жұмыс орны құрылды.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бүгінгі күні жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 79 адам қамтылды.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың тиімді құралы болды, «Бастау Бизнес» жобасының екінші бағыты бойынша есепті кезеңде оқуға 34 адам жіберілді.
Жыл басынан бері кәсіпкерлікті дамыту аясында 3 адам 4,1 млн. теңге сомасына грант алды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы шағын және орта бизнес 600 млн. теңгеден астам сомаға 9 жобаны іске асырады, олар жол бойындағы сервисті дамыту, қоғамдық тамақтандыру объектілерін салу, дүкендер және т.б.
Вопрос водообеспечения волнует каждого жителя, работы по повышению его качества носят системный характер.
В целом, только в течение последних трех лет за счет бюджета построены и отремонтированы 20 км сетей водоснабжения и водоотведения на сумму свыше 800 млн. тенге, проведена реконструкция сетей водоснабжения в селе Капитоновка протяженностью 12,1 км (на 554 млн. тенге).
Работа в данном направлении продолжается, так в текущем году на реконструкцию водопроводных сетей сел Вознесенка, Новодонецк, Тастыозек и Отрадное из республиканского бюджета предусмотрено 1 млрд. 768 млн. тенге. На завершение работ по обеспечению водоснабжения сел Караозек и Никольское из областного бюджета выделено 388 млн. тенге.
Реализация данных проектов позволит обеспечить качественной питьевой водой более 4 тыс. человек.
Кроме того, продолжается реконструкция системы водоснабжения со строительством площадки водопроводных сооружений в городе Макинске (выделено из РБ – 99,7 млн. тенге).
В наличии документация к строительству и реконструкции водопроводных сетей в 7 населенных пунктах (город Макинск, Аккайын, Партизанка, Иванковка, Айнаколь, Гордеевка, Алаколь и Жанаталап).
В этом году на развитие транспортной инфраструктуры района выделено более 1 млрд. тенге (РБ – 321,5 млн. тенге, ОБ – 962,3 млн. тенге) на следующие проекты:
- средний ремонт улично-дорожной сети сел Караозек 92 млн. тенге, Никольское 150 млн. тенге;
- строительство моста в селе Вознесенка 321,5 млн. тенге и на 55 км автомобильной дороги «Жалтыр-Макинск» 179,6 млн. тенге;- средний ремонт автомобильной дороги областного значения KC-1 «Жалтыр - Макинск» км 0-33 на 359,3 млн. тенге.
На проведение работ по улучшению состояния улично-дорожной сети города Макинск в текущем году выделено 92,3 млн. тенге.
Реализация данных проектов позволила создать дополнительные рабочие места и улучшить качество жизни населения.
Ағымдағы жылы Макинск қаласының орталық бөлігін жылумен жабдықтау құрылысына республикалық бюджеттен 217,9 млн.теңге бөлінді. Бұл жобаны іске асыру 21 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарын және әкімшілік ғимаратты орталық жылытуға қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Макинск қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі (4-учаске) жылу желілерінің 2-ші кезегінің құрылысы жалғасуда. Осы мақсатқа өткен жылы облыстық бюджеттен 106,4 млн. теңге бөлінді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шараларының пакетін іске асыру жалғасуда. Есепті кезеңде атаулы әлеуметтік көмек 22 отбасына тағайындалды.
Білім беру ел дамуының басты қозғаушы күші болып қала береді.
Биыл Партизанка, Алакөл және Шұбарағаш ауылдарындағы мектептерге ағымдағы жөндеу және ауданның төрт мектебіне (Вознесенка, Қараөзек, Никольское ауылдары және Макинск қаласының мектеп-гимназиясы) күрделі жөндеу жүргізілетін болады, осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 1 млрд.470 млн. теңге бөлінді.
Жастарды спортқа тарту, сондай-ақ жайлы тұру шараларының бірі балалардың ойын және спорт алаңдарын орнату болып табылады. Өткен жылы Вознесенка, Никольское және Қараөзек ауылдарында спорт алаңдары орнатылды (36 млн.теңге).
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, биыл Журавлевка және Партизанка ауылдарында 106,4 млн. теңге сомасына (облыстық бюджет қаражаты) екі көпфункционалды алаң орнату көзделген.
Бүгінгі таңда дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатындар саны халықтың жалпы санының 37,74%-ын құрайды.
Денсаулық сақтау саласында есепті жылы Вознесенка ауылында дәрігерлік амбулатория салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда.
Журавлевка ауылында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізуге оң қорытынды алынды, жобаның құны 575 млн. теңгені құрайды.
Құрметті брифингке қатысушылар!
Назарларыңызға рахмет! Енді сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Спасибо за внимание! Готов ответить на Ваши вопросы.