Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2026 жылғы аңтар-қыркүйекте айларында.

Қорытынды туралы анықтама

Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2026 жылғы аңтар-қыркүйекте айларында.

Аудан әкімі - Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша халық саны 40 043 адам оның ішінде қалалық 29 422, ауылдық 10 621 адам.

Аудан аумағында 13 ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала бар.

Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.

I. Экономика

Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 19 млрд. 703 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнің 26,3% төмен (2025 жылы - 26 млрд.726 млн. теңге).

Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1% құрады.

Өнеркәсіп өнімінің НКИ 95,3% құрады.

Төмендеу себептері:Қамқор ЛокомотивЖШС филиалының «АЭРЗдағы төмендеуіне байланысты.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 66 млрд. 791 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 14% жоғары (2025 жыл 58 млрд.513 млн. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 109% құрады.

Мал шаруашылығы

2026 жылғы 1 қазанға шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.

Мал басы:

Өсу:

ІҚМ 5,7% және 19,7 мың басты құрады;

сиыр 6,4% - 10,6 мың бас;

қой мен ешкі 2,4% - 50,7 мың басқа;

шошқа 8,4% - 3,3 мың бас;

жылқы 11,6% - 21,1 мың бас.

3 910,5 тонна ет (4,8% жоғары), 12 136,5 тонна сүт (6,4% жоғары), 6 617,3 мың дана жұмыртқа (2,8% жоғары) өндірілді.

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13 млрд. 011 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 30% төмен (2025 жылы - 18 млрд.624 млн. теңге). Өз қаражаты есебінен инвестиция көлемі 6 млрд.159 млн. теңгені, бюджет қаражаты 4 млрд. 014 млн. теңгені, басқа қарыз қаражаты 2 млрд. 838 млн. теңгені құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын сатып алуға, орталық қазандықты реконструкциялауға, жылу желілерін салуға, аурухананы күрделі жөндеуге, мектептерді, жолдарды жөндеуге бағытталған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 65% құрады.

Төмендеу себебі: инвестициялардың жалпы көлемінің төмендеуі бюджеттік салымдардың айтарлықтай қысқаруына байланысты. 2026 жылдың есепті кезеңінде бюджеттік инвестициялар көлемі 4 млрд. теңгені құрады, ал 2025 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 9,5 млрд.теңгеге жетті, төмендеу 58% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд.680 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 56% төмен (2025 жылы-10 млрд. 591 млн. теңге).

Құрылыс жұмыстарының НКИ 39,7% құрады.

Төмендеу себептері: бюджеттік салымдардың қысқаруына байланысты.

3 329 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың тиісті кезеңінің 111,6% (2025 жылы – 2 982 ш. м.), (2026 жылға арналған жоспар – 3 714 ш. м.).

01.10.2026 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері2 300 бірлік (2025 жылға – 2 601 бірлік) тіркелген.

Төмендеу себебі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігінің таратылуына және қызметін тоқтата тұруына, сондай-ақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа кәсіпорындарды тіркеу қарқынының төмендеуіне байланысты.

Бөлшек сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 20 млрд.042,1 млн. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 102,4% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте 18 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 2 139 адамды құрады. 1 118 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2026 жылға арналған жоспар 1270 адам).

Жұмыссыз ретінде 684 азамат тіркелген.

Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 1850 (2026 жылға арналған жоспар 1926 адам), оның ішінде тұрақты 1275, уақытша 575.

33,7 млн. теңге сомасына 147 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды.

2026 жылғы қаңтар–маусымда орташа айлық жалақы 353 431 теңгені (орташа облыстық көрсеткіш 391 634 теңге) құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнен 9,3% жоғары.

«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:

жастар практикасына 35 адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-30 адам);

әлеуметтік жұмыс орындарына 23 адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-22 адам);

қоғамдық жұмыстарға 72 адам (2026 жылға арналған жоспар – 58 адам);

күміс жасы - 17 адам (2026 жылға арналған жоспар – 16 адам);

кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 51 адам;

кәсіптік даярлау 18 адамды (жоспар 2026-18 адам);

грант 12 адам (жоспар 2026 – 17 адам).

Білім

Ауданда 41 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 1 бастауыш мектеп, 8 негізгі орта мектеп, 22 орта мектеп, Балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені).

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 95,1 % (1302 жылдан 1238 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% (763 бала) құрады.

Оқу жылының қорытындысы бойынша аудан бойынша білім сапасы 67,6% құрады, бұл Ақмола облысындағы білім сапасы бойынша үздік көрсеткіш болып табылады.

11 - сынып түлектері 246 адам, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер 11 адам, үздік аттестат 17 адам.

Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.

Ұлғайту:

онкопатологиямен сырқаттанушылық 79 дан 72 жағдайға дейін;

нәресте өлімі 1 жағдай (2025– 0 жағдай).

Төмендеу:

қан айналымы жүйесі органдарының аурушаңдығы 1498 дан 1010 жағдайға дейін;

туберкулезбен сырқаттанушылық 4-тен 2 жағдайға дейін.

Ана өлімі жоқ.

Жарияланған күні

27 қазан 2026 17:34

Жаңарту күні

27 қазан 2026