«Пайдалануға берілген құрылысты пайдалануға енгізгеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметі
«Пайдалануға берілген құрылысты пайдалануға енгізгеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру» мемлекеттік қызметі
Қызмет көрсетушінің атауы:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 6 (алты) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім және сатып алу-сату шартын жасасу (жер учаскесін сатып алу жағдайында) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Төлем мөлшері: Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz; порталында орналастырылған.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Қызмет алушы ұсынады:
- осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
- сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесін уақытша ақылы пайдалану (жалға алу) құқығына акт немесе жер-кадастрлық жоспар);
- уақытша ақылы жер пайдалану (жалға алу) шартының көшірмесі;
- объектіні пайдалануға беру актісі;
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (сатып алу кезінде).
Жеке тұлға, заңды тұлға, жылжымайтын мүлік және жер учаскесі туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
Бас тарту негіздері:
- ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің дұрыстығының сәйкес келмеуі;
- өтініш берушінің немесе ұсынылған деректердің Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарына сәйкес келмеуі;
- дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.
Қосымша талаптар:
Қызмет алушы қызмет көрсету мәртебесін порталдағы жеке кабинет арқылы немесе бірыңғай байланыс орталығы арқылы біле алады. Байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
22
27 наурыз 2026 12:15
27 наурыз 2026