Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2026 жылғы 3 қараша күні сағат 10.00-да Ақкөл қ. аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Ақкөл ауданының халқымен кездесуі өткізіледі.
Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.
Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.
Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.
Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қазақстандық ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.
Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!
Негізгі шарттары:
1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;
2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;
3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа) аудан / қалаларда іске асырылады;
Конкурссыз иеленуге болатын мемлекеттік әкімшілік лауазымдар:
1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;
3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;
4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.
Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.
Сізді осы ақпарат қызықтырса, не болмаса толығырақ кеңес алғыңыз келсе мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне тікелей жүгінуге, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 3 қабат мекенжайы, 8 716 2 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Ақмола облысы
Акколь ауданының әкімінің
аппараты» ММ
(шаралар қабылдау үшін)
Ақмола облысы бойынша экология Департаменті 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабының талаптарын орындау үшін, сондай-ақ «Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесінің 6-тармағының талаптарын «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 15 қарашадағы № 323 бұйрығын басшылыққа ала отырып, жоғарыда көрсетілген талаптар шеңберінде тиісті шаралар қабылдау (интернет-ресурста орналастыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату) үшін Сіздің мекен-жайыңызға «Кусаинов» ЖК 13.07.2026 жылғы № KZ10RYS01817777 материалдарымен белгіленген қызмет туралы өтініштің көшірмесін жолдайды.
Бірінші адресатқа Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында мәселелерді шешуге көмек көрсету бойынша қосымша шаралар қабылдау үшін.
Ақкөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында қоғамның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Олардың жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі, таңдаған мамандықтарына адалдығы және халыққа қалтқысыз қызметі үшін шынайы алғыс білдірілді.
Іс-шара барысында өз қызметінде үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерге марапаттар, Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.
Барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
#АқкөлАуданы #МемлекеттікҚызметшіКүні #ПолицияКүні #ҚазақстанПолициясы #Ақкөл #МемлекеттікҚызмет
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдікте cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы
Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігі 4.06-5.06.2026 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы Сергей Сергеевич Лапаевқа телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 87163821768.
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «аудандық мәдениет үйі» МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдіне ішкі талдау жүргізеді
Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы «Акколь-Горкомхоз» ШЖҚ МКК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы шілдеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы Сергей Сергеевич Лапаевқа 2026 жылғы 25 мамырға дейін (қоса алғанда), телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 87163821768.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Өтінімдер аудандық (қалалық) комиссияға 2026 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін беріледі.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (15 мамырдан 15 маусымға дейін).
Екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.
Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.
Толық ақпарат алу үшін 8 (700) 770 - 24 - 94, 8 (71638) 5-51-18 хабарласуға болады.
Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығын орындау үшін Ақкөл ауданы әкімінің халықпен кездесулері, бұрын 2026 жылғы 19–22 мамыр аралығына жоспарланған, 2026 жылғы 2–5 маусым аралығына ауыстырылды.
Аудан тұрғындары алдағы кездесулерге өз сұрақтары мен ұсыныстарын akkol_org@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайға алдын ала жібере алады. Сондай-ақ, аудан, қала, ауыл және ауылдық округтер әкімдіктерінде ұсыныстар жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған.
Сонымен қатар, халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Аудан әкімінің кездесулер кестесі өзгерген жағдайда қосымша ақпарат Ақкөл ауданы әкімдігінің ресми парақшаларында жарияланады.
Ақкөл ауданы әкімінің аппараты