Логотип

Меню

Страницы

Статья

Добропорядочная молодежь справедливого общества

Қайырлы күн құрметті жастар!

Мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіретін факторлардың бірі өкінішке орай ол сыбайлас жемқорлық.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

Өз кезегінде, Агенттік бастамасымен бүгінгі күні білім ошақтарында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар жүйелі жұмыстар жасалуда.

Барлық жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында «Саналы ұрпақ» клубтары құрылған. Жоба аясында «Адалдық сағаттары» бейнедәрістері түсіріліп, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жоба аясында жүзеге асырылып келген бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта білім беру процесіне енгізіледі. Себебі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында «Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптары білім беру жүйесіне қосылатын болады. Баланы мектепке дейінгіден бастап, әртүрлі жас кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен сүйемелдеп отыру қажет. Сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік иммунитеті мықты азаматтардың жаңа ұрпағы қалыптасатын болады» - делінген.

Демек, білім беру ұйымдары өскелең ұрпақтың тек білімді әрі тәрбиелі болуына ғана емес, сонымен қатар адал, парасатты әрі саналы ұрпақ болып қалыптасуына жұмыс жасайтын болады. Яғни, білімді, тәрбиелі әрі адал ұрпақтан, елінің ертеңін ойлайтын, жемқорлыққа жиіркене қарайтын, елінің дамуына үлес қосатын нағыз патриот тұлға қалыптасатын болады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», - деп бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айтып өткен.

«Адамның ең аяулы өнегелі қасиеті – турашылдығы десек,  турашылдық сол әділдіктен нәр алады. Әділдіктің жоқтығынан ел азады. Адамдардың жасампаздық күші сарқылып,  биліктің іргесі шайқалады. Сондықтан, жасөспірімдер бойына әділдік үшін күресті дарыта алсақ, ертеңге сеніммен қарауға болады» - деген Шәкәрім Құдайбердіұлының сөзі өнегелі қасиеттің өрісін кеңейте түседі.

Шындық турасында Жамбыл Жабаев: «Шындық кісі қолы жетпейтін аспандағы қыран емес, ұстатпайтын судағы балық та емес. Шындық кісінің көзі. Оны көру оңай болғанмен, тану қиын. Шындықтың алдында елдің бәрі бірдей кіші. Сондықтан, аспанның асты мен жердің үсті аралығында шындықтан асқан ұлы нәрсе жоқ» - дейді ақын.

Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы ар-ұят турасында: «Ар-ожданы бар адам адал. Сізде білім мен қабілет әрі ептілік болсын, бірақ егер ар-ұжданыңыз болмаса, менен мейірімділік күтпеңіз. Намыс өлімнен күшті». Сондай-ақ «Өтіріктің қанатына мінгеннен гөрі шындықтың астына бүгілген дұрыс» - деп, шыншыл болудың қаншалықты маңызды екенін айтып өтті.

Ал, атақ, мансап дегенге қызықпай, қарапайым өмір сүрудің маңыздылығына тоқталып өткен Шерхан Мұртаза өз шығармасында: «Заман түзелер, адам түзелсе. Тұрмысымыз оңалар, ақшамыз да орнығар. Үмітсіз шайтан деген. Тек адамдар имансыз болмаса екен. Әркім атақ-дәреже, мансап дегенді өз бойына, өз ойына, талант-талайына өлшесе, нысап деген қасиетті ұғымды ұмытпаса деймін ғой» - дейді. Ол тағы бір сөзінде: «Әр заманда адал мен арамның арасын анықтап тұратын таразы болса ғой шіркін... Бір кем дүние» - деген екен. Сондай-ақ Шерхан Мұртаза жемқорлар туралы  «Араны ашылған, ашқарақ тойымсыздар – адалдықтың қазығынан ажырап қалғандар. Адалдықтың қазығы – қанағат. Бір кем дүние – зор кем дүние...» - деген екен.

Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұн «Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде» - деп өсиет қалдырған. Біздің мақсат – өз пайдасын емес, ұлттың пайдасын ойлайтын өскелең ұрпақ қалыптастыру. Сонда ғана еліміз дамиды. Яғни адалдық қасиетін бойына сіңірген адам қоғам көшін бастаса болашағымыз жарқын болары сөзсіз. 

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдағы сөзінде: «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс» - деп атап өткен болатын.

Құрметті жастар, Сіздер еліміздің ертеңгі тірегісіздер.

Сіздерді елі үшін аянбай еңбек ететін, қызмет пен мансап қуалаудан бұрын ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар шығады деп сенемін. Еліміздің ертеңін ойлайтын, кемел келешек қалыптастыратын, адалдықты ту ететін қоғамды қалыптастыру – бүгінгі күннің ең маңызды жұмысы болуы тиіс.

Дата публикации
08 ноября 2023
Дата обновления
08 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

10 апреля 2025
Рамочные основы для статистического измерения коррупции
28 марта 2025
Соглашение о сотрудничестве государств – участников Содружества Независимых Государств в противодействии коррупции
06 марта 2025
Базовый отчет пятого раунда мониторинга антикоррупционных реформ в Казахстане. Стамбульский план действий по борьбе с коррупцией

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы