Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтан уланудың алдын алу мәселелері бойынша Онлайн-семинар

Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтан уланудың алдын алу мәселелері бойынша Онлайн-семинар

Осы жылдың 16 қыркүйегінде Алтай ауданының білім беру мекемелері және мектеп асханаларын жалға алушылармен «ҚР ДМ ШҚО Алтай ауданының СЭК КСЭК департаменті СЭК басқармасы» АММ маманы Касымканова Ю.В. балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру мекемелеріндегі ұйымдасқан топтар мен қоғамдық тамақтану орындарындағы тамақтан уланудың алдын алу бойынша онлайн - семинар өткізді.
Семинарда азық-түлік қауіпсіздігі мен сапалы тамақтануды қамтамасыз етудің негізгі аспектілері талқыланды. Қатысушылар санитарлық заңнаманың қазіргі талаптарымен танысты. Азық-түлікті сақтаудан бастап тағам дайындауға дейінгі барлық кезеңдерде гигиеналық нормаларды сақтау маңыздылығына ерекше назар аударылды.