"Ауылға кітап": Алматы облысының ауылдық мектептеріне арналған 1000 кітап
Пресс-анонс
Өтетін мерзімі: 12 қазан 2024 жыл
Сағат: 10:30 – 12:00
Өтетін жері: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная к-сі, 16/4
(облыс әкімдігінің ғимараты).
Құрметті БАҚ өкілдері!
Алматы облысында «Мазмұндама» баспасы қазақ тіліне аударған кітаптардың тұсаукесері және оларды ауыл мектептеріне сыйға тарту рәсімі өтеді.
Аталған шара «Ауылға кітап» жобасының аясында «Allur avto» компаниясы мен «Dauletten» қайырымдылық қорының қаржылай демеуімен, сондай-ақ облыс әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Қазақ тіліне аударылып, таныстырылымы өтетін кітаптардың қатарында:
- Дэниел Киздің «Алжернонға арналған гүл» кітабы,
- Нұржұма Елесбайдың «Қабанбай батыр кім?» туындысы,
- танымал балалар әдебиетінің жазушылары Дженнифер Мур мен Густаво Мазалидің:
- «Бірлік бар жерде»,
- «Ақша ағашта өспейді»,
- «Жақсы оқысаң, мақсатыңа жетесің»,
- «Әкем жұмыссыз қалды» атты шығармалары бар.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын және талғамын арттыру. Акция аясында Алматы облысының шалғай ауылдарындағы мектеп кітапханаларына жалпы құны 10 миллион теңге болатын 1 мың дана кітап тегін үлестірілетін болады.
Тұсаукесер рәсіміне қатысушылар:
- Алматы облысының басшылығы,
- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев,
- «Мазмұндама» баспасының негізін қалаушы Шыңғыс Мұқан,
- зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері,
- қазақ тіліне Дарон Аджемоглу мен Джеймс Робинсонның:
- «Мемлекеттер неге дамымай қалады?»,
- «Биліктің, өркендеу мен кедейліктің бастауы» кітаптарын шығаруға демеуші болған кәсіпкер, меценат Тілектес Меирманов.
БАҚ өкілдерін осы шараға қатысуға шақырамыз.
Байланыс үшін:
Төлепберген Еламан
+7 747 462 39 07
«Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» КММ.
☎ +7 747 462 3907