Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, (индекс: 02-01), 1 бірлік
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда
- Педагогика және психология
- Құқық
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Бастапқы әскери дайындық
- Дефектология
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Математика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Филология
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Теология
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Механика
- Метеорология
- Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
- Әлеуметтік жұмыс
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Кітапхана ісі
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Жалпы медицина
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Жаратылыстану ғылымдары: гидрология
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (қолданбалы математика және/немесе математика және физика және/немесе математика және информатика және/немесе физика және информатика және/немесе экология және табиғатты пайдалану және/немесе физика және астрономия); педагогикалық ғылымдар (педагогикалық өлшемдер және/немесе дене дайындығы және/немесе қазақ филологиясы және/немесе персоналды басқару және/немесе тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі және/немесе тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) және/немесе шет тілі); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (ауыл шаруашылығы және/немесе ауыл шаруашылығын механикаландыру); өнер және гуманитарлық ғылымдар (исламтану және/немесе тарих-Дінтану)
Функционалды міндеттер
Әлеуметтік – мәдениет, білім, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру және спорт, туризм, жастар, және ішкі саясат салаларының мәселелері бойынша жұмыс атқарады;
Ішкі саясат, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мекемелерінің жұмыстарын ұйымдастырып, бағыт беріп отырады:
Жоғарғы және орта – арнайы оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерді еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес талап етілген мамандықтарға іріктеу жүргізу жөніндегі комиссияға;
-Аудандық тәртіптік комиссияға;
-Арнайы комиссиясына;
-Аудан әкімдігі жанынан құрылған үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасу және өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіруші кеңеске;
-Ескелді ауданы бойынша 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 06 ай жұмыс істегендер мен тылда еңбек еткендердің еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссияға;
-Кәмелет жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға;
-Ескелді ауданы бойынша кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру комиссияға;
-Аудандық қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссияға;
-Аудан әкімдігінің жанынан құрылған тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау комиссиясына;
-Аудан әкімдігінің жанынан құрылған тіл туралы заңдарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссиясына;
-Ономастикалық кеңеске;
-Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органына;
-Ескелді ауданы бойынша мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына;
-денсаулық сақтау жөніндегі координациялық кеңеске;
-жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесіне;
-әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесіне;
-Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияға;
-әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аймақтық комиссия;
-бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру жөніндегі Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесіне;
-аудан бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеу объектілерінің тізімін бекітудегі Ескелді ауданы әкімдігінің консультативтік-кеңеске;
-Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс комиссиясына төрағалық етеді; (комиссиялар үнемі өзгеріп, қосылып, алынып отырады);
Аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентін сақтайды;
Аудан әкімдігі мәжілістеріне және облыс әкімі өткізетін басқа да шараларға материалдарды дайындауға қатысады;
Аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалайды;
Аудан әкімінің қатысуымен өтетін шараларды үйлестіреді;
Жұмысын бақылап және бағыт беретін қызметі: Аудандық «Қазпошта» бөліміне, аудандық психологиялық -педагогикалық коррекциялық кабинетіне, аудандық жұмыспен қамту орталығының, аудандық қорғаныс істері бөліміне, Алматы облысы «Жастар саясаты орталығы» КММ филиал «Ескелді ауданының жастары», аудандық орталық ауруханасы, Ескелді аудандық тұтынушылардын құқықтарын қорғау басқармасымен, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аудандық бөлімшесі.
Өзара қарым қатынасты іске асыратын қызметі: барлық емдеу – меншіктік профилактикалық мекемелерімен, барлық фармацефтикалық мекемелермен, мемлекеттік емес білім және мәдениет мекемелерімен;
Аудандағы жетекшілік ететін бөлімдердің жұмыстарын жоспарлап, орындалуын қадағалайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе аудан әкімінің тапсыруымен басқа да міндеттерді жүзеге асырады;
Компьютерде жұмыс жасай білуі, мемлекеттік тілді білу. /
«А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаева 38
-
8(72 82)24-76-88