Алматы облысы құрылыс басқармасының денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандардың құрылысы бөлімінің басшысы, (индекс:ОСОЗСКИСО-1)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
3.1. басқарма басшысына және басқарма басшысының орынбасарларына бағынады;
3.2. бөлімнің қызметін ұйымдастырады, жоспарлайды, тұрақты қадағалауды жүзеге асырады және басшылық алдында жауапты болады;
3.3. бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар береді, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалайды, жалпы тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
3.4. бөлімнің құзыретіне кіретін сауалдар бойынша жоғары тұрған органдар және лауазымды тұлғалармен, өзге мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
3.5. бөлімнің іс-әрекетін жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың, басқарма басшылығының тапсырмалары, бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға бағыттайды;
3.6. жоғары тұрған органдар және лауазымды тұлғаларға, басқарма басшылығына, өзге мекемелер және ұйымдарға ақпарат пен анықтама материалдарын жинақтап әзірлеуге қатысады;
3.7. бөлімдегі іс жүргізудің тиісті деңгейде жүргізілуін қадағалайды;
3.8. денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандары бойынша мониторингтік есеп әзірлейді;
3.9. барлық қаржыландыру көздері есебінен денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік салуда практикалық көмек көрсету бойынша өңірлермен жұмыс атқарады;
3.10. республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандарының пайдаланысқа өткізілуі, бюджеттен бөлінген қаржылардың уақытылы игерілуі және құрылыс жұмыстарының жүргізілу қарқынын қадағалау, құрылыс барысында жұмыссыздарға жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша облыстық білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына мониторингтік есеп береді;
3.11. республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандарының пайдаланысқа өткізілуі, бюджеттен бөлінген қаржылардың уақытылы игерілуі және құрылыссбарысында жұмыссыздарға жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының оқу ағарту министірлігіне, Қазақстан Республикасының денсақтау министірлігіне сонымен қатар «Аманат» партиясына есеп береді;
3.12. барлық көздерден қаржыландырылған (оның ішінде бюджеттен, МЖӘ, БИҚҚ) денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандарының жоспарлы мерзімде пайдалануға өткізілуін қадағалайды;
3.13. жыл соңында денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандары бойынша атқарылған құрылыс жұмыстары мен бөлінген қаржылардың игерілуі бойынша талқылау жүргізеді;
3.14. денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандарының құрылыс жұмыстарын жүргізудің рұқсат қағаздарын рәсімдейді, құжаттарының рәсімделуін қадағалайды;
3.15. құрылыс жұмыстары кезінде туындайтын сұрақтарды шешуге қатысады;
3.16. денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандарының құрылыс жұмыстары бойынша слайд, стендттер дайындайды;
3.17. денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандарының құрылыс жұмыстары бойынша техникалық жиналыстардың өткізілуін қадағалайды, телефонограммалар дайындайды, қатысушылардың тізімін реттейді, жиналыстарға қатысты мәтіндік, кестелік мәліметтерді әзірлейді, көтерілетін сұрақтарды пысықтап, хаттамалар жүргізуді қамтамасыз етеді;
3.18. құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандары бойынша орындалған жұмыстардың актілерін (№2 формасы, №3 анықтама), орындалған жұмыстардың көрсетілген құндарының көлемдерінің сметамен сәйкестігін тексереді, отандық өнімдерді пайдалану туралы есептерді тексереді және қабылдайды;
3.19. техникалық және авторлық қадағалау қызметкерлерімен бірлесе отырып, құрылыс нысандарын аралап, жүргізу кестесіне сәйкестігін, құрылымдардың жобаға сәйкестігін тексереді (өткізілген актіге сәйкес).
3.20. күрделі, ірі нысандар бойынша туындаған мәселелерді шешуге қатысады, облыстағы денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандарына паспорттар дайындайды, отандық өнімдердің қолданылуы туралы, мемлекеттік сатып алу бойынша есептер әзірлейді;
3.21. тоқсан сайын денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандары бойынша бөліммен атқарылған жұмыстар туралы, құрылыс жұмыстарының барысы мен қаржылардың игерілуі туралы есептер әзірлеп, талдау жүргізеді;
3.22. басқарманың басқа функцияларына, қажет болған жағдайда өзге жұмыстары мен қоғамдық шараларына қатысады;
3.23.Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын, қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтауды және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу қағидаларын сақтауға;
3.24. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854