Алматы облысының туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы, (индекс: 02-1)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
әлеуметтік-мәдени сервис және туризм және немесе халықаралық қатынастар
Функционалды міндеттер
- бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты;
- бөлімдегі қызметкерлердің міндеттерін бөледі және өзара алмастырылуын анықтайды;
- облыс аумағында ішкі және сыртқы туризмді дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды;
- туристік инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету мақсатында бөлім құзыретінің шеңберінде тиісті ұсыныстарды әзірлеу және ұсынады;
- Алматы облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіру бөлім құзыреті шеңберінде жүзеге асырады;
- жоғары тұрған органдарға, министрліктің алқа мәжілісіне, облыс әкімі алдындағы отырысқа құжаттар және талдау материалдарын дайындайды;
- туризмге қатысты республикалық, өңірлік және облыстық бағдарламалар дайындауға және оны жүзеге асыруға қатысады;
- бөлімінің тоқсан сайынғы және жылдық жоспарын дайындайды;
- туристік шаралар жоспарына, оларды өткізуге кететін шығындар сметасына ұсыныстар енгізеді;
- аймақаралық және ішкі туристік байланысты, облыстың халықаралық, аймақаралық туристік іс-шараларға қатысуын жүзеге асырады;
- туристік қызметтегі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
- Алматы облысының аумағында туристік индустрияны, туристік қызмет көрсетуді зерттейді, талдайды, болжайды және реттейді;
- халықаралық, республикалық, өңірлік туристік іс-шараларға (көрмелерге) қатысады;
- туризм саласындағы мамандарды қайта дайындау мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады және өткізеді, конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады;
- туризмді дамыту мен қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында жаңа объектілерді іске қосу мен жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жандандыру бойынша іс-шаралар әзірлейді, ұсыныстар енгізеді;
- «Documentolog» АЖ, «Е-Өтініш» АЖ, «Protocol» АЖ, «ИПГО» АЖ және тағы да басқа бағдарламалары бойынша бөлімге келіп түскен құжаттарды қарастырады, орындайды, олардың белгіленген мерзімге сәйкес орындалуын бақылайды;
- бөлімнің жұмысына жалпы басшылық пен бақылау жасайды;
- салалық ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тапсырмаларды орындайды;
- Алматы облысында туристік кластерлерді дамыту бойынша қызметті жүзеге асырады;
- туристік іс-шараларға бөлінетін бюджет қаражатын тарту арқылы келу туризмін дамыту үшін туристік іс-шараларды, фестивальдерді, ақпараттық турларды, конкурстарды, слеттерді, альпиниадаларды, оқу-жаттығу жорықтарын және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
- туризм саласындағы халықаралық келісім мен келісім-шарттардың жобасын дайындау мен оны жүзеге асыруды бақылайды;
- облыстың туристік имиджін қалыптастыру үшін ақпараттық-жарнамалық басылым жұмысына қатысады;
- облыстың туристік әлеуетін арттыру үшін, оның ішінде халықаралық туристік көрмелерде, жәрмеңкелерде инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізеді;
- туризм саласындағы халықаралық инвестициялық жобаларды жүзеге асырылуын қадағалайды;
- туризм саласын дамытудағы сыртқы мемлекеттерден инвестиция тарту, ғылыми-техникалық, инновациялық бағыттарды және болжамдарды дайындауға қатысады;
- облыс көлемінде өтетін инвестициялық форумдарға, конференцияларға қатысады;
- инвесторларды тарту бойынша аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс істеуге бақылау орнатады;
- жобаларды жүзеге асыру және одан әрі жұмыс істеу мақсатында инвесторлар мен жергілікті мүдделі органдардың бірлесіп жұмыс істеуін үйлестіреді;
- уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;
- туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Алматы облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де міндеттерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Жарияланған күні: 30.06.2026
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
01.07.2026 – 03.07.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854