Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының көгалдандыру және абаттандыру бөлімінің басшысы, (индекс: ООИБ-1)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Қоршаған орта
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Механика
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік әкімшілік қызметші өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген негізгі міндеттерді және мынадай функционалдық міндеттерді орындауға тиіс: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады;Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық және бақылау; Басқарманың басшылығына бөлімнің жетекшілік ететін мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің бөлімшелерінде, өзге де мүдделі ұйымдарда өткізілетін кеңестерге қатысады; Аудандар мен қалалардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жобалардың, қызметтердің және өзге де ұйымдардың аумақтарды санитарлық тазалау, абаттандыру жөніндегі жұмысына мониторингті, үйлестіруді жүзеге асыру; Абаттандыру және жария ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың өтініштерін қарау және оларды орындау мерзімдерін қатаң сақтау; Абаттандыру саласындағы бюджетті бақылау және мониторингілеу; Көгалдандыру және абаттандыру саласында айлық, жылдық қаржылық жоспарға өзгерістер енгізу және бақылау; Қалалар мен аудандарды санитарлық тазалау және көркейту жөнінде кеңестер өткізу үшін материалдар дайындау; Мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында аудандар мен қалаларға барып іс-шараларды орындау, көгалдандыру және абаттандыру саласындағы мердігерлік кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің жұмыстарды орындау барысын бақылауды ұйымдастыру; Қолданыстағы заңнама мен құзырет шегінде қалалар мен аудандар аумағында адамның қауіпсіз тұруы және тыныс-тіршілігі үшін көше-жол желісін санитарлық тазарту бойынша абаттандыру қызметтерінің жұмыстарына мониторингті және үйлестіруді жүзеге асыру; Алматы облысының аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау саласындағы қатынастарды реттеуЖерлеу ережелерінің іске асырылуын және зираттарды күту жөніндегі істі ұйымдастыру мониторингілеу; Абаттандыру бөлігінде цифрландыру мәселелерін қарау және бақылау, іс шараларды ұйымдастыру;Аймақта жүргізілетін абаттандыру жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыру; Мемлекет пен азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында сот органдарына талап қою құқығымен іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот органдарында Басқарманың және жергілікті атқарушы органның мүдделерін білдіру;Е-Өtinish, Documentolog бағдарламаларымен жұмыс істеу. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де міндеттерді жүзеге асыру. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854