Алматы облысының туризм басқармасы басшысының орынбасары, (индекс: Р-10)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Қызмет көрсету саласы
  • Халықаралық қатынастар
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Туризм

Қосымша талаптар

гуманитарлық ғылымдар

 

 

 

Функционалды міндеттер

  1. туризм саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастыру және үйлестіру;
  2. басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің (бөлімдерінің) қызметіне жалпы басшылық жасау және олардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  3. туризм саласындағы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыруды үйлестіру;
  4. туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, туристік өнімдерді ілгерілету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  5. қарамағындағы бөлімдердің жоспарлау, талдау, есептілік жүргізу жұмыстарын үйлестіру;
  6. «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметін үйлестіру және бақылау;
  7. туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету;
  8. туристік қызмет субъектілерімен, инвесторлармен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
  9. қарамағындағы бөлімдердің жұмыс жоспарларын бекітуге қатысу және олардың орындалуын бақылау;
  10. туризм саласындағы өңірлік бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзірлеуге қатысу;
  11. туристік саланы дамыту бойынша ұсыныстар енгізу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
  12. туризм саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыруға жәрдемдесу.
  13. туристік ақпараттық орталықтың қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау;
  14. туристік имиджді қалыптастыру және ілгерілету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  15. халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
  16. қарамағындағы бөлімдердің қызметіне талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау;
  17. азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және олардың уақытылы әрі сапалы қаралуын бақылау;
  18. қарамағындағы бөлімдердің жұмысына жалпы басшылық пен бақылау жасау;
  19. «Documentolog» АЖ, «Е-Қызмет» АЖ, «Е-Лицензия» АЖ, «Е-Өтініш» АЖ, «Protocol» АЖ, «ИПГО» АЖ, тағы басқа бағдарламаларында құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
  20. басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі талаптарының сақталуына бақылау жүргізу;
  21. облыста туризм саласындағы субсидиялау мәселелері жөніндегі қызметке жетекшілік етеді;
  22. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де міндеттерді жүзеге асыру. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2026 – 30.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854