Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік сатып алу мониторингі және әкімшілік бөлімінің басшысы, индекс: АО-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
экономика, бухгалтерлік есеп және аудит
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлігінде мемлекеттік сатып алу Басқармасының және бөлімнің жоспарларын, бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету; Облыстың мемлекеттік органдары мен мекемелерінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруын мониторингілеу, оларды талдау бойынша жұмыстар кешенін жүргізу; Мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы тоқсан сайынғы/жыл сайынғы есепті дайындау; Басқарманың қызметі бойынша құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету; Атқарылған жұмыс туралы тоқсан сайынғы, жартыжылдық, жылдық талдаулар жасауды қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру; Құзыреті шегінде Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына және мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өзге де іс-шараларға материалдар дайындау; Басқарманың бухгалтерлік қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; Басқармаға жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының игерілуіне мониторингті жүзеге асыру. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп бюджет қаражатының толық және уақтылы игерілуін қамтамасыз ету бойынша жедел жұмысты жүргізу; Басқарманың мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуіне, қазынашылық органдарында шарттарды жасауға және тіркеуге бақылауды қамтамасыз ету; «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесін сапалы және уақтылы енгізуді қамтамасыз ету; Мемлекеттік мекеменің ресми интернет- ресурсының «Сұрақ-Жауап» блогына келіп түсетін сұрақтарға жауаптардың уақтылы және сапалы берілуін бақылау; Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы тіркелуіне, қаралуына және оларға жауап берілуіне бақылау жасау; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Е-Өтініш» базасын жүргізуді қамтамасыз ету және өтініштер бойынша статистикалық есептерді қалыптастыру; Заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысуды қамтамасыз ету; Басқарманың атқарушылық және еңбек тәртібін, сондай-ақ бақылау жұмысына бақылауды қамтамасыз ету; Оқу орындарының студенттері мен түлектерінің Басқармадағы тәжірибеден өтуі бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Басқарманың Веб-сайтын, әлеуметтік желілерді уақтылы жаңартуды және электрондық құжат айналымын жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету; Облыс әкімінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің шешімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, тапсырмаларын орындау; Облыс әкімінің аппараттық кеңестерде берген хаттамалық тапсырмаларына жауаптар беру кезінде материалдарды жинау және дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, облыс әкімі аппаратының бөлімдеріне материалдарды ұсынуды қамтамасыз ету; Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру. «В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854