Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары (негізгі қызметкердің жүктілік және босануына байланысты 2026 жылғы 10 қыркүйекті қоса алғанда еңбек демалысына кетуіне байланысты), (индекс: Р-6)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

құқықтану (Құқықтану) және/немесе бизнес, басқару және  құқық

 

 

 

 

Функционалды міндеттер

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін басқарма басшысының орынбасары мемлекеттік  әкімшілік  қызметші  ретінде  "Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген  міндеттерді  және  мынадай  функционалдық  міндеттерді орындауға тиіс: 3.1.  жетекшілік  ететін  бөлімдердің  қызметіне  жалпы  басшылықты  жүзеге асырады, жұмыстың негізгі және перспективалық бағыттарын айқындайды, функционалдық  міндеттердің  орындалуын  бөледі  және  бақылайды  және  өз құзыреті  шегінде  басқарма  қызметкерлерінің  орындауы  үшін  тапсырмалар береді; 3.2.  өз  құзыреті  шегінде  облыс  әкімінің,  Қазақстан  Республикасы  Еңбек және  халықты  әлеуметтік  қорғау  Министрлігінің,  басқа  да  жоғары  тұрған ұйымдардың  бұйрықтарының,  қаулыларының,  шешімдерінің,  облыстық басқару алқасы мен әкімдіктің бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді; 3.3. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан  Республикасы  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау министрлігінің,  облыстық  департаменттердің,  басқарманың  және  басқа  да ұйымдардың тиісті бөлімдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; 3.4.  белгіленген  тәртіппен  басқарма  басшысы  өткізетін  отырыстарды, алқалар  мен  кеңестерді  ұйымдастыруға,  сондай-ақ  облыстағы  Халықты әлеуметтік  қорғау  жай-күйі  мен  деңгейін  көтеру  мәселелерін  талқылау жөніндегі басқа да іс-шараларға қатысады; 3.5.  Басқарма  қызметшілерінің  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп  кодексімен  бекітілген  әдеп  нормалары  мен  мінез құлық қағидаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді; 3.6.  "сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы"  ҚР  Заңы  басқармасы қызметшілерінің  сақталуын  бақылауды  қамтамасыз  етеді,  сыбайлас жемқорлық  құқық  бұзушылықтардың  алдын  алу  және  оларға  жол  бермеу жөнінде шаралар қабылдайды; 3.7. жетекшілік ететін бөлімдердің ережелерін, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын қалыптастыру және бекіту бойынша жұмысты үйлестіреді; 3.8.  қолданыстағы  нормативтік-құқықтық  актілерге  сәйкес  электрондық құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; 3.9.  өз  құзыреті  шегінде  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдарда  Басқарманың  мүдделерін  білдіреді және  оның  құзыретіне  жатқызылған  мәселелер  бойынша  шешімдер қабылдайды; 3.10.  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  өңірлік  комиссияның және басқа да комиссиялардың отырыстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді; 3.11.  болжамды  әзірлеуді  қамтамасыз  етеді  және  әлеуметтік  сала  мен халықты  жұмыспен  қамту  көрсеткіштерінің,  аумақты  дамыту бағдарламасының  және  басқа  да  мемлекеттік  бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді; 3.12.  әлеуметтік  қамсыздандыру  және  халықты  жұмыспен  қамту  жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 3.13.  ведомстволық  бағынысты  мекемелердің  сапалы  арнаулы  әлеуметтік қызметтер көрсету (әдіснамалық, құқықтық сүйемелдеу)мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді; 3.14.  Халықтың  көші-қоны  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттеу мәселелерін үйлестіреді; 3.15.  халықты  жұмыспен  қамту  шараларын  көрсету  бөлігінде  еңбек ұтқырлығы  орталығының  жұмысын  үйлестіреді.  Әдістемелік  қолдау көрсетеді; 3.16. жобалық басқаруды үйлестіруді және әдіснамалық қолдауды, Халықты әлеуметтік  қорғау  және  жұмыспен  қамту  бөлігінде  жобалық  басқарудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді; 3.17. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әлеуметтік қолдау көрсету бөлігінде азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады; 3.18.  жұмыста  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  органдарының "Documentolog"  электрондық  құжат  айналымының  бірыңғай  жүйесі,  "e-Otinish",  "E-Қызмет",  "қандас",  "ШЖК",  "I-Protocol",  "Easy  Project", «Битрикс»  азаматтардың  барлық  өтініштерін  қабылдау  және  өңдеу  үшін бірыңғай  алаң,  word  офистік  бағдарламалары  ақпараттық  жүйелерін пайдаланады,  Excel,  Internet  және  т.  б. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.05.2026 – 21.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854