Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, (индекс: 03-1)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Тарих
  • Мәдениеттану
  • Археология және этнология
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Актерлік өнер
  • Операторлық өнер
  • Кескіндеме
  • Мүсін
  • Өнертану
  • Сән өнері
  • Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
  • Баспа ісі
  • Журналистика
  • Туризм
  • Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Кітапхана ісі
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Журналистика, қоғаммен байланыс

Қосымша талаптар

көркемөнер және/немесе  мүсін өнері және/немесе  декоративтік өнер және/немесе өнер тарихы және/немесе мәдени-тынығу жұмысы және көркем шығармашылықты ұйымдастыру және/немесе кітапханатану және библиография және/немесе мұражай ісі және тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және/немесе әлеуметтік-мәдени сервис және туризм және/немесе дәстүрлі өнер-жыр және/немесе бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы және/немесе монументалды және сәндік өнер және/немесе сәндік-қолданбалы өнер және/немесе музейтану және/немесе сәулет қала, ауыл және саябақ ансамбльдерін көркем жобалау және/немесе кескіндеме, мүсін және графика және/немесе сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері және/немесе қалпына келтіру және/немесе зергерлік іс және/немесе халықаралық қатынастар. Cертификаттың бар болуы:

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау. Музей, кітапхана, тарихи-мәдени мұра мекемелерінің (қала құрылысы және сәулет)жұмыстарын қадағалау, есептерін қабылдау, әдістемелік көмек көрсету; Халықаралық, Республикалық, облыстық деңгейде өтетін мәдени шаралар және мерейтойлардың өтуін ұйымдастыру және семинарлар, мәжілістер, конференциялар, конкурстар және басқа да көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген ескерткіштер бойынша қорғау, насихаттау, дамыту жұмыстары туралы менеджмент-жоспар құруда ұсыныстар енгізу; Басқармаға бағынысты облыстық, аудандық және қалалық мекемелердің жұмыстарына басшылық жасау; Жетекшілік ететін мекемелерде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру; Мәдениет, архивтер және құжаттама саласының жұмысын арттыру үшін қаулы, өкімдер, шешімдер дайындап, облыс әкімдігіне ұсыну және орындалуын қадағалау; Алматы облысы әкімдігі жанынан құрылған облыстық комиссияның жұмысын үйлестіру. Басқармаға қарасты тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың жұмыстарын қадағалау, есептерін қабылдау, әдістемелік көмек көрсету; Тарихи ескерткіштер, ескерткіштер, монументтер, тақтайшалар орнату барысында заңдылығын қадалау; Музей жұмыстары бойынша республикалық, халықаралық жиналыс, конференцияларға қатысу, мәдениет саласына тиісті халықаралық байланысты нығайтуды ұйымдастыру, түрлі көрмелерде актерлік шеберлікпен көрмені таныстыру; Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру; Жетекшілік ететін мекемелерде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру; Бөлімге келіп түскен құжаттарға, азаматтар өтініштеріне заңға сәйкес жауап беру, бөлімнің жоспарын орындау; Облыс әкімі, облыс әкімі орынбасарларының апталық мәжілісі тапсырмаларының орындалуы туралы апта сайын мәлімет дайындау және құзырлы органдарға жинақтап өткізу. Кәсіби құзыреттілік: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.04.2026 – 14.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854