Алматы облысы әкімі аппаратының хаттама және сыртқы байланыстар бөлімінің бас инспекторы, (индекс: ОПИВС-6)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат

Қосымша талаптар

гуманитарлық ғылымдар

 

Функционалды міндеттер

3.1.  Шет  мемлекеттердің  қалаларымен  және  қалалардың  халықаралық бірлестіктерімен жұмыс шеңберінде қала құрылысы саласында халықаралық тәжірибені енгізу бойынша талдау жүргізеді және ұсыныстар енгізеді. 3.2.  Халықаралық  ынтымақтастық  мәселелері  бойынша  Алматы  облысы әкімдігі  басшылығының  хаттамаларын,  тапсырмаларын  орындау  бойынша мониторингті жүзеге асырады. 3.3.  Облыс  әкімінің  жұмыс  айналымдары  үшін  материалдар  дайындауды қамтамасыз етеді, аралау барысында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. 3.4.  Бөлім  құзыретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  облыс  әкімі  өткізетін әкімдік  отырыстарын,  кездесулерді,  аппараттық  кеңестерді,  басқа  да  іс-шараларды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуге қатысады. 3.5.  Президент  Әкімшілігімен,  Үкіметпен,  Парламентпен,  Алматы облысының  мәслихатымен,  мемлекеттік  органдармен,  бұқаралық  ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. 3.6.  Облыс  әкімінің  қатысуымен  іс-шараларды,  оның  ішінде  көшпелі  іс-шараларды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. 3.7.  Бөлім  құзыреті  шегінде  Қазақстан  Республикасы  Президенті Әкімшілігінің,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  облыс  әкімінің  және Алматы  облысы  әкімі  аппаратының  актілерін  дайындау  және  орындау процесінде аудандар мен қалалардың қызметін үйлестіреді. 3.8.  Бөлімнің  құзыреті  шегінде  Қазақстан  Республикасы  Мемлекет басшысының,  Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрінің,  облыс әкімінің,  Алматы  облысы  әкімі  аппараты  басшысының  қатысуымен  іс-шараларды (жұмыс сапарларын) ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. 3.11.  Облыс  әкімінің,  оның  ішінде  көшпелі  кеңестерді  дайындауға  және өткізуге қатысады. 3.12.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де міндеттерді орындайды. 3.13.  Халықаралық  ынтымақтастық  мәселелері  бойынша  Алматы  облысы әкімдігі басшылығының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 3.14.Халықаралық  іс-шараларды  хаттамалық  дайындау  және  өткізу мәселелері  бойынша  Алматы  облысы  әкімдігінің  құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді. 3.15.Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша орталық, жергілікті мемлекеттік  органдармен,  бюджеттік  және  басқа  да  ұйымдармен  өзара  іс- қимылды жүзеге асырады. 3.16.Алматы  облысының  халықаралық  ынтымақтастығын  нығайтуға бағытталған шаралар қабылдайды және ұсыныстар енгізеді. 3.17.Шет  мемлекеттердің  қалаларымен  және  қалалардың  халықаралық бірлестіктерімен  ынтымақтастық  жөніндегі  меморандумдар  мен  іс-шаралар жоспарларының жобаларын әзірлейді. 3.18.  Шет  елдерде  Алматы  облысының  халықаралық  іс-шараларын ұйымдастыруға  және  өткізуге  қатысады  (мәдениет  күндері,  көрмелер, фестивальдар, форумдар және т.б.). 3.19.Халықаралық  ынтымақтастық  мәселелері  бойынша  Алматы  облысы әкімдігінің  құрылымдық  бөлімшелерінің  қызметін  үйлестіру  жөніндегі жұмысқа қатысады.3.20.Алматы  облысы  әкімдігі  басшылығының  шетелдік  жұмыс сапарларының бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. 3.21.Жетекші сарапшылар мен ірі халықаралық корпорациялардың өкілдерін тарта отырып, инвестициялық форумдар өткізуге қатысады. 3.22.Инвестициялық,  экономикалық,  мәдени-гуманитарлық,  ғылыми-техникалық  салалардағы  әріптестікті  нығайту  және  өзара  тиімді  жобалар жасасу  үшін  халықаралық  делегациялардың  сапарларын  ұйымдастыруға қатысады,  келіссөздерге  қатысады,  ұзақ  мерзімді  іскерлік  байланыстарды жолға қоюға жәрдемдеседі.3.23.  Әлемдік  экономиканың  трендтерін  және  қала  дамуының  үздік тәжірибелерін ескере отырып, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді. 3.24.  Жетекшілік  ететін  бағыттар  шеңберінде  Алматы  облысы  әкімдігінің бөлімшелері ұсынған ақпаратты талдайды. 3.25.  Бөлім  құзыреті  шеңберінде  Алматы  облысында  шетелдік делегациялардың  сапарларын  және  халықаралық  кездесулерді  өткізуге қатысады. 3.24.  Алматы  облысы  әкімінің  баспасөз  қызметіне  Алматы  облысының ақпараттық ресурстарына орналастыру үшін Алматы облысының әкімдігінің Халықаралық  ынтымақтастық  саласындағы  қызметі  туралы  Алматы облысының тұрғындарын хабардар етеді. 3.25.  Ақпараттық  қауіпсіздік  шараларын  және  ақпараттық  қауіпсіздік жөніндегі  техникалық  құжаттама  талаптарын  орындау  жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз етеді. 3.26.  Бөлімнің  құзыретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  халықаралық конференциялар мен кеңестердің жұмысына қатысады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.04.2026 – 09.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772,  87785148854