Алматы облыстық құрылыс басқармасының коммуналдық және ауылшаруашылық нысандарының құрылысы бөлімінің басшысы, индекс: ОСКИСО-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Сәулет және құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Техника және технологиялар

Қосымша талаптар

құрылыста  басқаруды  ұйымдастыру

 

Функционалды міндеттер

Бөлім  басшысына  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметі туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңымен  белгіленген  мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерiмен қатар төмендегі міндеттер жүктеледі: 3.1.  Басқарма  басшысына  және  басқарма  басшысының  орынбасарларына тікелей бағынады, олардың тарапынан берілген бұйрықтар мен нұсқауларды орындайды; 3.2.  Бөлімнің  қызметін  ұйымдастырады  және  жоспарлайды,  тұрақты қадағалауды жүзеге асырады және басшылық алдында жауапты болады; 3.3  Бөлім  қызметкерлеріне  тапсырмалар  береді  және  олардың  орындалуын қадағалайды, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді; 3.4  Бөлімнің  іс-әрекетін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  актілерін, қаулыларын,  облыс  әкімінің  өкімдері  мен  шешімдерін,  басқарма басшысының,  басқарма  басшысының  орынбасарларының  бұйрықтары  мен нұсқауларын орындауға бағыттайды; 3.5 Бөлімнің құзыретіне кіретін сауалдар бойынша облыс әкімі аппаратының бөлімдері,  қала  және  аудан  әкімдіктері,  облыстық  басқармалар  және Министрліктермен өзара әрекет жұмыстарын ұйымдастырады; 3.6.  Бөлімнің  құзыретіне  кіретін  сауалдар  бойынша  облыс  әкімі аппаратының бөлімдері, қала және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар және Министрліктермен өзара әрекет жұмыстарын ұйымдастырады; 3.7. бөлімде іс жүргізуді тиісті деңгейде бақылайды; 3.8. коммуналдық Ауыл шаруашылығы объектілері бойынша мониторингтік есеп әзірлейді: 3.9. бөлінген қаражатты игеру туралы аудандық және қалалық әкімдіктерден (құрылыс бөлімдерінен) мәліметтер жинау; 3.10.  барлық  қаржыландыру  көздері  есебінен,  оның  ішінде  ЖҚЖК  арқылы коммуналдық  және  ауыл  шаруашылығы  объектілерін  салуда  практикалық көмек көрсету бойынша өңірлермен жұмыс; 3.11.  облыстық  мәдениет,  спорт,  Табиғи  ресурстар  және  табиғат пайдалануды реттеу, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына республикалық  және  жергілікті  бюджеттер  есебінен  қаржыландырылатын коммуналдық  және  ауыл  шаруашылығы  объектілері  бойынша  жұмыс орындарын  құру  бойынша  пайдалануға  беру,  бөлінген  бюджет  қаражатын уақтылы  игеру  және  құрылыс  барысы  туралы  мониторингтік  есептілікті ұсынады; 3.12.  ҚР  Мәдениет  және  спорт  министрлігіне,ҚР  Ауыл  шаруашылығы министрлігіне  сондай-ақ  "Аманат"  партиясына  республикалық  бюджет есебінен  қаржыландырылатын  коммуналдық  және  ауыл  шаруашылығы объектілері  бойынша  жұмыс  орындарын  құру  бойынша  пайдалануға  беру, бөлінген  бюджет  қаражатын  уақтылы  игеру  және  құрылыс  барысы  туралы есеп береді; 3.13.  барлық  көздерден  қаржыландырылатын  коммуналдық  және  ауыл шаруашылығы  объектілердің  (оның  ішінде  божет  қаражаты,  ДК3,  МЖӘ есебінен) жоспарлы мерзімде іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады; 3.14.  жыл  соңында  коммуналдық  және  ауыл  шаруашылығы  объектілері бойынша  бөлінген  қаражат  пен  орындалған  құрылыс  жұмыстарын  игеру бойынша талқылау жүргізеді; 3.15.  Мемлекеттік  сатып  алу  қорытындылары  бойынша  хаттама  негізінде келісімшарттардың  жобаларын  әзірлейді,  екі  тараптың  да  әлеуметтік объектілер  бойынша  құрылыс  жұмыстарына  келісімшарттарды  уақтылы жасасуын  және  қол  қоюын  қамтамасыз  етеді,  шарттың  орындалуын қамтамасыз  етуді  кепілдік  ақшалай  жарна  түрінде  немесе  мердігердің  3% мөлшеріндегі банк кепілдігі түрінде уақтылы енгізуді орындайды; 3.16.  коммуналдық  және  ауыл  шаруашылығы  объектілерінің  құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды ресімдейді және аудандық объектілерде паспорттардың ресімделуін бақылайды; 3.17. құрылыс жұмыстарына конкурс өткізу үшін құжаттарды дайындайды, ағымдағы  жылға  бөлінген  сомаға  ҚМЖ  құнының  есептеулерін  және құрылыстың  ұзақтығын  дайындайды,  "Ашық  бюджет"  интернет-порталын толтыру  жөніндегі  іс-шаралар  жоспарының  орындалуы  туралы  ақпарат дайындайды; 3.18. құрылыс жұмыстары кезінде туындайтын барлық мәселелерді шешуге қатысады  (жобалаушылардан  инженерлік  желілерге  техникалық  шарттар мен  жүктемелерді  толықтыру  немесе  өзгерту,  мемлекеттік  сатып  алу конкурсын  өткізу  үшін  өтінімдер  дайындау  және  Мемлекеттік  сатып  алу жоспарларына  өзгерістер  енгізу,  бөлінген  қаражаттың  игерілуін  бақылау, бақылау. сарапшы тексеруші органдар (УГАСК, техникалық және авторлық қадағалаулар)  ұсынған  ескертулерді  уақтылы  жоюға  және  объектілерді жоспарлы мерзімде пайдалануға беруге; 3.19.  өткізілетін  конкурстарды  өткізу  мерзімдерін  бақылауды  жүзеге асырады (құрылыс-монтаждау жұмыстарына және техникалық қадағалауға); 3.20.  коммуналдық  және  ауыл  шаруашылығы  нысандарының  құрылыс жұмыстары бойынша слайдтар, стендтер дайындайды. 3.21.  коммуналдық  және  ауыл  шаруашылығы  объектілердің  құрылыс жұмыстары бойынша техникалық кеңестердің өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады,  жиналысқа  қатысты  телефонограммаларды,  қатысушылар тізімдерін,  мәтіндік,  кестелік  мәліметтерді  дайындайды,  көтерілетін мәселелерді пысықтайды, хаттамалар жүргізеді; 3.22.  спорт  объектілері  бойынша,  ішкі  істер  органдарын,  коммуналдық шаруашылық  және  ауыл  шаруашылығы  объектілерін  дамыту,  аумақтарды табиғи  және  дүлей  апаттардан  инженерлік  қорғау  жөніндегі  жұмыстарды жүргізу объектілері бойынша орындалған жұмыстардың актілерін тексереді (№2  форма,  анықтама  №3),  орындалған  жұмыстардың  көрсетілген  құны көлемдерінің  сметамен  сәйкестігін  тексереді,  отандық  өнімді  пайдалану туралы есептерді тексереді және қабылдайды; 3.23. аудандық құрылыс бөлімдерімен, техникалық және авторлық қадағалау қызметкерлерімен бірлесіп, жұмыстарды жүргізу кестесіне және жүргізілген жұмыстардың  сапасына  сәйкестігін,  конструкцияның  жобаға  сәйкестігін (орындалған  жұмыстар  актісі  бойынша)  тексеру  үшін  коммуналдық  және ауыл шаруашылығы объектілерді аралайды; 3.24. Күрделі, ірі объектілер бойынша туындайтын проблемаларды шешуге қатысады, коммуналдық және ауыл шаруашылығы объектілерге паспорттар бойынша  есептер  дайындайды,  отандық  өнімді  пайдалану  туралы  есептер, Мемлекеттік сатып алу бойынша есептер дайындайды; 3.25. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді,  мәслихат  шешіміне  сәйкес  түзетулер  енгізеді;  16)  Бөлімдегі  іс жүргізудің тиісті деңгейде жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асырады; 3.26. Басқарманың басқа да функцияларына, қажет болған жағдайда өзге де жұмыстары мен қоғамдық шараларына қатысады; 3.27  тоқсан  сайын  бөлімнің  коммуналдық  нысандар  бойынша  атқарған жұмысы, құрылыс жұмыстарының барысы және қаражаттың игерілуі туралы есептерді талдайды және дайындайды; 3.28. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің  актілерінде  белгіленген  мемлекеттік  қызметшілердің  өзге  де міндеттері. 3.29.Кейіннен төлеу үшін техникалық және авторлық қадағалаумен бірлесіп, оларды көзбен шолып қарап, өлшеуге мүмкіндігі бар құрылыс саласындағы арнайы  білімді  талап  етпейтін  білім  беру,  коммуналдық  Ауыл шаруашылығы  объектілері  және  оларға  әкелетін  инфрақұрылымдар бойынша  орындалған  жұмыстардың  актілерін  тексереді. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.04.2026 – 06.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854