Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, (индекс: Р-4)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
- Басқармада өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің (бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімі, жалпы бөлімге) басшылық ету, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын, сапасын жүйелі бақылауды ұйымдастыру;
- Денсаулық сақтау саласында бюджеттік жоспарлау бойынша басшылықты жүзеге асыру, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет жобасын дайындауды нысаналы ағымдағы трансферттер және жергілікті бюджет бойынша басқару;
- "қаржыландыру" бөлімінде мемлекеттік, өңірлік және салалық денсаулық сақтау бағдарламаларының іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды ұйымдастыру;
- Ауылдық денсаулық сақтауды жанғырту, ғимараттар құрылысы,күрделі жөндеуден өткізі жұмысын ұйымдастыру;
- медициналық қызмет көрсетушілермен негізгі шартқа шарттарды, қосымша келісімдерді дайындау және жасасу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
- ағымдағы нысаналы трансферттер және жергілікті бюджет бойынша бюджеттік бағдарламалардың бекітілуіне (қайта бекітілуіне) бақылауды жүзеге асыру;
- жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды, белгіленген мерзімде мерзімді есептілікті дайындауды, бақылау құжаттарының орындалуын жүзеге асыру;
- облыстық мәслихат сессиясына және мәслихатты іске асыруға енгізу үшін нақты бағыттар бойынша ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету;
- басқарманың қаржы-экономикалық қызметіне және мемлекеттік-жекешелік әріптестікке байланысты құжаттарға қол қою;
- мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері бойынша қаржыландыру, медициналық ұйымдарды дамыту жоспарларына өзгерістер енгізуді бақылауды жүзеге асыру;
- қалыптасқан үнемдеу есебінен денсаулық сақтау қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу туралы ақпарат беру бойынша бақылауды жүзеге асыру;
- жергілікті және республикалық бюджет бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, облыстық қаржы басқармасына жалақы туралы ақпарат беру жұмысын жүзеге асыру;
- республикалық бюджеттен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және облыстық қаржы басқармасына бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді игеру туралы ақпарат беру жөніндегі жұмысын жүзеге асыру;
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп беру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
- "қаржыландыру"бөліміне ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдамалық кешенінің дерекқорын қалыптастыру үшін ақпарат беру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен, облыстық қаржы басқармасымен, медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- қызметкерлерден тапсырмалар мен жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы орындауды, олардың лауазымдық міндеттері мен еңбек тәртібін қатаң орындауын талап ету;
- бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты игерілуін қамтамасыз етеді;
- тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді әзірлеу және бекітуі;
- нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетінің жобасын және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша жергілікті бюджетті дайындау;
- қажетті мамандықтарды жоспарлауды қоса алғанда, резидентурада кадрлар даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- өңірлерді Денсаулық сақтау саласын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 23. денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту және оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
- Өзіне жүктелген функционалдық міндеттер шеңберінде хаттарға, бұйрықтарға қол қояды;
- Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854