Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт инфрақұрылымын, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы, (индекс:ОРНИМВС-1),
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Дене шынықтыру және спортты дамытудың Тұжырымдамасын, Орта мерзімді даму бағдарламасын, Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; Ойын және бұқаралық спорт түрлерін дамыту мәселелерімен айналысады; Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша облыс біріншілігін, чемпионатын ұйымдастыру және өткізу, оларға дайындық жүргізу, алқа мәжілісіне құжаттарды әзірлейді. Тұрғындардың дене шынықтыру дайындығы бойынша Президенттік сынақтар нормативтерін енгізу, ұйымдастыру және қабылдау, ұлттық және ойын спорт түрлері бойынша облыс құрама командаларының мүшелерін уақытында дәрігерлік диспансерден өткізу жұмыстарын қадағалайды; Ұлттық, ойын және бұқаралық спорт түрлері бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді; Халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі; Аудандық, қалалық спорт бөлімдерінің басшыларымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті , ҰШКжСРД-мен, спорт түрлері бойынша республикалық және облыстық федерациялармен, спорт мекемелерімен өзара әрекет етеді. Шет елдерде өтетін халықаралық спорттық жарыстарда облыс мүддесін танытады; Облыста бұқаралық футболды дамыту жөніндегі нормативті құжаттарды, футболдан және де басқа бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар өткізу туралы ережені әзірлеуді қамтамасыз етеді; Облыс әкімінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының, басқарма бастығының хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі ақпаратты дайындайды; Бөлім құзырына қатысты облыс әкімдігінің қаулыларын, өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірлейді; Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді; Облыс аумағында дене шынықтыру мен спорттыдамыту жөніндегі ақпаратты жинайды, талдайды, жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады; Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді; Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларды, азаматтардың өтініштерін орындайды; Алқа мәжілісіне құжаттарды әзірлеу. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Спорттық нысандардың есебін жүргізеді; Спорттық нысандардың құрылысы туралы есепті жүргізеді; Облыстағы мүгедектер спортын дамыту. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4,
-
87474261772, 87785148854