Алматы облысының энергетика және cумен жабдықтау басқармасының перспективті және индустриялық даму бөлімінің басшысы, индекс: 02-03-01

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Су шаруашылығы
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау

Қосымша талаптар

газбен  жабдықтау және/немесе  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  

Функционалды міндеттер

Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін бөлім басшысы, мемлекеттік әкімшілік  қызметші  "Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметі туралы"  Қазақстан  Республикасы  Заңының  10-бабында  белгіленген міндеттерді және функционалдық міндеттерді орындауға тиіс: Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады; Бөлімнің  жетекшілік  ететін  мәселелері  бойынша  Басқарма  басшылығына ұсыныстар енгізеді; Аяқталған  құрылыс  объектілерінің  мемлекеттік  актілері  және  техникалық паспорттары түріндегі құқық белгілейтін құжаттарды дайындау; Бөлімнің  құзыретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  мемлекеттік  органдарда, Министрліктің  бөлімшелерінде,  өзге  де  мүдделі  ұйымдарда  өтетін кеңестерге қатысады; Ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып,  бөлімнің  бекітілген номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізуді сақтау; Қазақстан  Республикасының  Әдеп  кодексімен  бекітілген  мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен ережелерін сақтау; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес азаматтардың  хаттары  мен  шағымдарын  қарайды  және  мерзімінде  жауап береді; Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрінің  2014  жылғы  5 желтоқсандағы № 129 бұйрығының мемлекеттік инвестициялық жобасының инвестициялық  ұсынысын  әзірлеу  немесе  түзету,  қажетті  сараптамаларды жүргізу  қағидалары  негізінде  БИЖ,  ЖСҚ,  ТЭН  әзірлеуді  немесе  түзетуді қарайды; Техникалық-экономикалық  негіздемені  әзірлеуді  талап  ететін  және  талап етпейтін Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарайды; Конкурстық  рәсімдер  үшін  техникалық  құжаттаманы,  ерекшеліктерді, жобалау тапсырмаларын дайындауды қамтамасыз етеді; Жобалау ұйымдарымен жұмысты жүзеге асырады - жобалау шешімдерімен уақтылы  келісу,  жобаны  әзірлеу  мерзімдерінің  сақталуын  бақылау, құжаттаманы  БЖСҚ  порталына  жүктеу,  жобалау  жұмыстарының  барысын бақылау, жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау, тіркеу және сақтау; Кәсіпкерлермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; «Бизнестің жол картасы» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жұмысты жүргізеді,  талдау,  мониторинг  жасайды  және  жоғары  тұрған  органға мәліметтерді  ұсынады,  облыстың  әлеуметтік-экономикалық  дамуының кешенді  бағдарламаларын,  кәсіпкерлікті,  сауданы  және  қызмет  көрсету саласын  дамытуға  арналған  мақсатты  бағдарламаларды  әзірлеуге, қамтамасыз етуге және орындауға қатысады; Шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  қолдау  бойынша  жұмыс  жүргізеді, мемлекеттік  «Бизнестің  жол  картасы»  бағдарламасы  аясында  инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  жұмысты ұйымдастырады; Бюджетті  атқару  және  оған  кассалық  қызмет  көрсету  қағидаларының  40-тармағына  сәйкес  ҚР  ҚМ  2025  жылғы  2  шілдедегі  №  339  бұйрығы  келесі айларға  ауыстыра  отырып,  төлемдер  бойынша  жоспарларға  өзгерістер енгізеді; Шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалуын бақылау; Бюджеттік  бағдарламалар  бойынша  әрбір  келесі  жылға  бюджеттік өтінімдерді дайындауды жүзеге асырады; Бизнес  жол  картасы  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында объектілерді жобалауды бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және ҚР  ҰЭМ  2014  жылғы  5  желтоқсандағы  №  129  бұйрығын  әзірлеу  немесе түзету қағидаларына сәйкес қабылданған жобалық шешімдер мен сметалық құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады; Инфрақұрылымдық  даму  мәселелері  бойынша  мемлекеттік  органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; ҚР  2019  жылғы  3  сәуірдегі  №  242-VІ  "арнайы  экономикалық  және индустриялық  аймақтар  туралы"  Заңының  негізінде  индустриялық,  арнайы экономикалық аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды құруға қатысады; Жобалау  ұйымдары  қарауға  ұсынатын  техникалық-экономикалық негіздемелерді  (ТЭН)  және  жобалау-сметалық  құжаттаманы  (ЖСҚ)  әзірлеу құнының есептеулерін тексереді; Жобалау ұйымдарының ТЭН мен ЖСҚ әзірлеу процесін бақылауды жүзеге асырады; Құрылыстың сметалық құны ұлғайған немесе азайған жағдайда ТЭН, ЖСҚ, БИЖ(инженерлік  жобалау  бюросы)  түзету  мәселелерін  басшылықтың талқылауына шығарады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.03.2026 – 16.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854