Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, (индекс: Р-8)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593751

Жалпы біліктілік талаптары

   D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

 

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат

Қосымша талаптар

бизнес,  басқару  және  құқық және/немесе гуманитарлық ғылымдар

 

 

 

 

 

Функционалды міндеттер

Лауазымдық  міндеттерін  орындау  үшін  мемлекеттік  әкімшілік  қызметші «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметі  туралы»  Қазақстан Республикасы  Заңының  10-бабына  сәйкес  мемлекеттік  қызметшілердің негізгі  міндеттерін  сақтайды  және  мынадай  функционалдық  міндеттерді орындайды: 3.1. облыс әкімі аппаратының жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері; 3.2.  облыс  әкімінің  халықпен  кездесулерінде  көтерілген  ұсыныстарды  іске асыру  жөніндегі  іс-шаралар  жоспарының  жетекшілік  ететін  бас инспекторлармен орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 3.3. облыс әкімдігінің отырыстарының материалдарын және облыс әкімінің қатысуымен  өткізілетін  басқа  да  іс  шараларды  дайындауға  қатысу  және бақылау; 3.4. мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру; 3.5. облыс әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жалпы жинақтау және бақылау; 3.6. өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу; 3.7. 1) протокол және сыртқы байланыстар бөлімі; 2) ішкі аудит қызметі; 3) қаржы-шаруашылық бөлімінің; 4)  облыс  әкімі  аппаратының  «Шаруашылық  жүргізу»  КММ  қызметін үйлестіреді; 3.8.  Ақпараттық  қауіпсіздік  шараларын  және  ақпараттық  қауіпсіздік жөніндегі  техникалық  құжаттама  талаптарын  орындау  жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз етеді; 3.9.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  өзге  де  міндеттерді жүзеге асыру. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.03.2026 – 04.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854