Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы, (индекс: 0-19)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Құқық
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

гуманитарлық ғылымдар

  

Функционалды міндеттер

3.1.  басқарманың  бірінші  басшысын  Қазақстан  Республикасы  Президент Әкімшілігі  Ішкі  саясат  бөлімінің  келісуімен  облыс  әкімі  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3.2.  өз  орынбасарларының,  құрылымдық  бөлім  басшыларының, мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды, барлық басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады; 3.3.  белгіленген  заңнамалық  тәртіппен  Басқарма  қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады, тәртіптік жаза тағайындайды; 3.4.  өз  құзырының  шегінде  бұйрықтар  шығарады,  нұсқаулар  береді, қызметтік құжаттарға қол қояды; 3.5. басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді; 3.6.  мемлекеттік  органдарда  және  өзге  де  ұйымдарда  Басқарманың  атынан өкілдік етеді; 3.7.  басқарманың  құзырына  кіретін  мәселелер  бойынша  нормативтік құқықтық  актілерді,  бағдарламалардың  жобаларын  және  басқа  да құжаттардың орындалуы барысын бақылайды; 3.8.  басқарманың  құзырына  кіретін  мәселелер  бойынша  есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды; 3.9.  белгіленген  тәртіппен  қаржылық-экономикалық  және  шаруашылық қызметтерінің  мәселелерін  шешеді,  бюджеттік  қаражаттардың  тиімді  және мақсатты орындалуын бақылайды; 3.10.  заңдылықтың,  басқарманың  қызметіндегі  келісім-шарттық  және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді; 3.11.  жемқорлыққа  қарсы  бағытталған  шараларды  қолданады  және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады; 3.12.  басқарма  қызметкерлерінің  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің  әдептілік  нормаларын  және  мінез-құлық  қағидаларын сақтауына бақылау жүргізеді; 3.13.  басқарманың  мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілерінің  қызметін бағалауды мерзімінде және толық қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметке алғаш  қабылданған  азаматтардың  тәлім  алуын,  тағылымдамадан  өтуін, оларды  даярлауды,  қайта  даярлауды  және  біліктілігін  арттыруды ұйымдастырады; 3.14.  Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  рәсімдік-процестік  Кодексіне сәйкес,  азаматтардың  хаттары  мен  шағымдарын  қарайды  және  жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді; 3.15. техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; 3.16. ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді; 3.17.  Облыстағы  қоғамдық  келісім  мен  қоғамдық-саяси  ахуалдың тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  бағытында  «Қоғамдық  келісім»  КММ, «Талдау және болжау орталығы» КММ, «Қоғамдық даму орталығы» КММ, «Өлке тынысы» ЖШС жұмысын үйлестіреді. 3.18.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  өзге  де функцияларды жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.02.2026 – 27.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854