Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, (индекс:Р-15)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Құқық және экономика негіздері

Қосымша талаптар

бизнес, басқару және құқық және/немесе гуманитарлық ғылымдар  және/немесе  арнайы педагогика

Функционалды міндеттер

3.1.  Мемлекеттік  қызметшілерге  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және  Әдеп  кодексінің  талаптарын  сақтау  мәселелері  бойынша консультациялық көмек көрсету; 3.2. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 3.3.  Ұжымда  жалпы  қабылданған  моральдық-этикалық  нормаларға  сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету; 3.4. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданады; 3.5.  Мемлекеттік  қызметшілердің  қызметтік  әдеп  нормаларын  сақтауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады; 3.6.  Мемлекеттік  органның  басшылығына  мемлекеттік  органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері  бойынша  тиісті  шаралар  қабылдамау  жағдайлары  туралы хабарлайды; 3.7.  Мемлекеттік  қызметшілер  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік қызмет,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саласындағы  заңнамасын және  Әдеп  кодексін  бұзған  жағдайларда  құқық  бұзушылықтар  жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізеді және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою жөнінде ұсынымдар енгізеді; 3.8. Заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген  мемлекеттік  қызметшілердің  жауапкершілігін  қарау  туралы ұсыныспен тиісті лауазымды адамдарға жүгінеді; 3.9.  Ақпараттық  қауіпсіздік  шараларын  және  ақпараттық  қауіпсіздік жөніндегі  техникалық  құжаттама  талаптарын  орындау  жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз етеді. 3.10.  Қызметтік  әдеп  нормаларын  бұзудың  алдын  алу  мақсатында  өзге  де қызметті жүзеге асырады. «В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.02.2026 – 24.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854