Алматы облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас инспекторы, (индекс: ОПРПО-5)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

гуманитарлық  ғылымдар

 

Функционалды міндеттер

3.1.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  және  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  актілерінің,  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы Әйелдер  істері  және  отбасылық-демографиялық  саясат  жөніндегі  ұлттық комиссияның  тапсырмаларының,  облыс  әкімі  мен  облыс  әкімі орынбасарының  өкімдері  мен  тапсырмаларының,  облыс  әкімі  аппараты басшысының  бұйрықтарының  жетекшіілік  ететін  мәселелер  бойынша уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; 3.2.  Қазақстан  Республикасының  2016  жылғы  6  желтоқсандағы  №384 «Қазақстан  Республикасындағы  Отбасылық  және  гендерлік  саясат тұжырымдамасын 2030 жылға дейін бекіту туралы» Президенті Жарлығын, 2006  жылғы  1  ақпандағы  №56  «Қазақстан  Республикасы  Президенті жанындағы  Әйелдер  істері  және  отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі  ұлттық  комиссия  туралы  ережені  бекіту  туралы»  Президенті Жарлығын, 1998 жылғы 29 маусымдағы №248 «Қазақстан Республикасының Әйелдерге  қатысты  кемсітушіліктің  барлық  түрлерін  жою  туралыконвенцияға  қосылуы  туралы»  Заңын,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2021  жылғы  24  желтоқсандағы  №935  қаулысымен  бекітілген «2022–2025 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 (2000), 1820, 1888,  1889,  1960,  2106,  2122,  2242  және  2467  қарарларын  іске  асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» облыстың жергілікті атқарушы органдары мен  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  ұйымдар  арқылы  іске асыруды қамтамасыз етеді; 3.3. Әкімдік қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің және Комиссия қызметіне қатысты іс-шаралар жоспарларының жобаларын әзірлейді; 3.4. Жылдық жоспарға сәйкес Комиссия отырыстарын ұйымдастырады; 3.5.  Комиссия  отырыстарының  хаттамалық  тапсырмаларының  орындалуын бақылайды; 3.6. Облыстық Комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; 3.7.  Жетекшілік  ететін  мәселелер  бойынша  облыс  әкімі  мен  облыс  әкімі орынбасарының қатысуымен облыстық іс-шараларды ұйымдастырады; 3.8.  Жетекшілік  ететін  мәселелер  бойынша  ақпаратты  жинау,  өңдеу, мониторинг жүргізу және талдау жұмыстарын жүзеге асырады; 3.9. Әйелдердің құқықтарын қорғау және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері  бойынша  қалалар  мен  аудандарда  тексерулер  жүргізуге қатысады; 3.10.  Отбасылық-демографиялық  саясат  мәселелерімен  айналысатын органдар  мен  ұйымдардың  оң  тәжірибесін  жинақтайды  және  таратады, оларға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді; 3.11.  Отбасын  нығайту  және  гендерлік  теңдік  мәселелерін  жария  ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды; 3.12.  Қалалық  және  аудандық  комиссиялардың  қызметін  үйлестіреді  және мониторинг жүргізеді; 3.13.  Комиссия  құзыретіне  жататын  нақты  мәселелер  мен  проблемалар бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша немесе тұрақты жұмыс топтарын ұйымдастырады; 3.14.  Өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін  жағдайда,  қиын  өмірлік жағдайға  тап  болған  әйелдерді  әлеуметтік  оңалту  мәселелері  бойынша жергілікті  атқарушы  органдармен,  қоғамдық  бірлестіктермен  және  өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; 3.15.  Әйелдерге  қатысты  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  алдын  алу жұмыстарының  жай-күйі  туралы  мүдделі  мемлекеттік  органдар  мен ұйымдардың басшыларын белгіленген тәртіппен хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдауға ықпал етеді; 3.16. Отбасы мүдделерін қорғау, жыныстардың тең құқықтылығын сақтамау мәселелері  бойынша  азаматтардың  өтініштері  мен  бұқаралық  ақпарат құралдарының хабарламаларын қарайды; 3.17.  Қазақстан  Республикасындағы  Отбасылық  және  гендерлік  саясат тұжырымдамасын  2030  жылға  дейін  іске  асыру  мәселелері  бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; 3.18.  Өз  құзыретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  мемлекеттік  және  өзге  де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; 3.19. Облыс әкімі аппаратының комиссияларының жұмысына қатысады; 3.20.  Бөлімде  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы  шараларының сақталуын қамтамасыз етеді; 3.21.  Ақпараттық  қауіпсіздік  шараларын  және  ақпараттық  қауіпсіздік жөніндегі  техникалық  құжаттамада  көзделген  талаптардың  орындалуын қамтамасыз етеді; 3.22. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.02.2026 – 19.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854