Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, (индекс: 0-25)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
бизнес, басқару және құқық
Функционалды міндеттер
3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады, тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, еңбек және қызмет тәртібін қолдау жөнінде басқа да ықпал ету шараларын қолданады; 3.2. өз құзыреті шегінде басқарма қызметкерлері орындауға міндетті болып табылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады; 3.3. басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының сақталуын жеке жауапкершілігіне алады; 3.4. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді және басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 3.5. басқарманың мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуын және өткізілуін қадағалайды; 3.6. белгіленген тәртіппен облыстық басқармадағы алқа мәжілісін, кеңестерді, отырыстарды шақырады, облыстағы мемлекеттік сатып алулар мәселелеріне және басқа да іс-шараларға қатысады; 3.7. басқарманың қызметіндегі келісім-шарттардың заңдылығын және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді; 3.9. облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің басқа да жоғарғы ұйымдардың бұйрықтары, қаулылары мен шешімдерінің, облыстық басқарманың алқа мәжілісінің бұйрықтары мен шешімдерінің және аппарат қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын орындауын бақылайды; 3.9. облыстық басқарманың кадр әлеуетін қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауды үйлестіреді; 3.10. облыс әкімінің қарауына белгіленген тәртіппен облыстық басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдердің жобаларын табыс етеді; 3.11. басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтауына бақылау жүргізеді; 3.12. Қазақстан Республикасының Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен, облыстық маслихатымен, облыс әкімі аппаратының басшылығымен, және басқа да жоғары тұрған органдар мен мекемелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады; 3.13. басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды мерзімінде және толық қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған азаматтарға тәлім алуын, тағылымдамадан өтуін, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 3.14. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік» Кодексіне сәйкес, азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарайды және жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді; 3.15. техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; 3.16. ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді; 3.17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854