Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің орынбасары, (индекс:04)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593751

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Физикалық және химиялық ғылымдар
  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Телекоммуникациялар
  • Денсаулық сақтау
  • Қызмет көрсету саласы
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік жұмыс

Қосымша талаптар

арнайы  педагогика және/немесе  гуманитарлық  ғылымдар 

 

Функционалды міндеттер

Облыс  және  аудан  әкімі  мен  қабылданған  шешімдерінің,  өкімдерінің  және тапсырмаларының  сәйкесінше  орындалуына,  әкімнің  ресми  интернет-ресурсына  мемлекеттік  тілдің  енгізілуіне  жеке  жауапкершілікте.  Ауданның «Жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі»  ММ,  «Ішкі саясат,  бөлімі»  ММ,  «Мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру  және спорт  бөлімі»  ММ  жұмысын  ұйымдастырады  және  басқарады.  Ауданның денсаулық  сақтау,  аудан  бойынша  мансап  орталығы,  аудандық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау  басқармасымен,  емдеу-сауықтыру  мекемелерімен,  ардагерлер  кеңесімен,  мүгедектер  қоғамымен, көп  балалы  отбасылар  одағымен,  діни  және  қоғамдық  ұйымдармен, партиялармен,  ұлттық-мәдени  орталықтармен,  жоғары,  орта  оқу орындарымен, БАҚ құралдарымен әрекеттеседі. Кәмелетке толмағандардың істері  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  ведомствоаралық комиссияға,  нашақорлыққа  және  есірткі  бизнесіне  қарсы  күрес  жөніндегі комиссияны,  туберкулездің,  венерологиялық  аурулар,  жұқтырылған қоздырғыш  тапшылығы  белгісінің,  алкоголизмнің  алдын  алу  және  оларға қарсы  күрес  жөніндегі  комиссияны,  Семей  ядролық  сынақ  полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарды тіркеу және есепке алу, 18  жасқа  толмаған  балаларға  тағайындалған  және  төленетін  ай  сайынғы мемлекеттік  жәрдемақы  бойынша  аудандық  округтік  комиссия,  атаулы әлеуметтік  көмек  көрсету,  әйелдер  істері  және  отбасылық-демографиялық саясат  жөніндегі  комиссияны,  аудандық  әскерге  шақырылу  комиссиясы, қылмыстың  алдын-алу  жөніндегі,  дін  істері  бойынша  ақпараттық насихаттау,  мүгедектердің  қол  жетімді  ортасын  сақтау  үшін  әлеуметтік инфрақұрылым  объектілерін  түгендеуді  (сертификаттауды)  ұйымдастыру және  өткізу  жөніндегі  жұмыс  тобы  мен  комиссияларды  басқарады. Аудандық  әскерге  шақырылу  комиссиясының  жұмысын  ұйымдастырады. «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы»  ҚР  Заңы  талаптарының, сондай-ақ  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  бойынша  бағдарламалардың орындалуын  қамтамасыз  етеді. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.02.2026 – 10.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87785148854, 87474261772